Сол жүрекше - оң жүрекшеге ұқсас арты кеңейген, алды тарылған. Кеңейген бөлігіне төрт өкпе венсы құяды. Бұл веналар арқылы жүрекке артерия қаны құйылады. Жүрекше қарынша тесігі арқылы қан жүрекшеден қарыншаға өтеді. Сол жүрекше мен сол қарыншаның арасындағы тесікті екі жармалы (vaiva atrioventricularis sinistra, mitralis) жауып тұрады.
Сол қарынша - ішкі қабырғасында екі емізікше бұлшық ет, сіңір талшықтары бар қуыс. Қуыстың алдыңғы, жоғарғы бөлігінен қолқа тесігі ашылады. Қолқа тесігін жарты ай тәріздес қақпашалар жауып тұрады. Сол жақтағы жүрекше мен қақпашадан өкпе оттегіге байыған артерия қаны ағады. Сол қарыншадан қолқа басталады.
Жүректің қабырғасы үш қабаттан тұрады:
Жүректің қабырғасы үш қабаттан тұрады:
Эндокард
Миокард
Эпикард
Эндокард қабаты жүрек қуыстарын іштен қаптап тұрады. Эндотелий серпімді талшықтарға бай, бірыңғай салалы бұлшық ет пен дәнекер ұлпалы эндотелий асты қабатынан пайда болған. Эндокард құрылысы жағынан қан тамырлар қабырғасына ұқсас. Жүректің ортаңғы бұлшық ет қабаты миокард көлденең жолақты бұлшық ет ұлпасынан және кардиомиоциттерден тұрады. Кардиоциттер мен бұлшық ет талшықтары бір бірімен ілмектеніп торланған. Олрдың құрылысы жүрекшелер мен қарыншалардың толық ырғақты жиырылуын қамтамасыз етеді. Эпикард – жүректің сыртқы қабаты. Үлпершек пен эпикард арасындағы саңылауда сұйықтық бар.
,
Жүрек қапшығы (перикард, pericardium) жүректі қаптап тұратын жұқа қапшық. Перикардтың екі қабаты бар. Олардың құрылысы әр түрлі . Сыртқы қабаты фиброзды, ішкісі – сірлі. Фиброзды перикард (pericardium fibrosum) жүректің негізінде адвентицияға өтеді. Сірлі перикард (pericardium serosum) екі жапырақшасы бар. Эпикард сыртқы қабаты миокардпен біріккен, жүрек қабының ішкі қабаты. Эпикард жүрекке келетін, шығатын қан тамырларының қабырғасы арқылы перикардқа өтеді. Эпикард пен перикардтың аралығында жүректі үйкелістен сақтайтын сір сұйықтығы бар қуыс болады. Перикардтың пішіні конусқа ұқсайды. Оның төменгі шеті көкетпен тығыз біріккен, ұшы қолқаның жоғарылаған бөлігін, өкпе сабауын, жоғарғы және төменгі қуыс веналары қаптап тұрады.