Жүрек аурулары



бет3/3
Дата18.10.2023
өлшемі0,9 Mb.
#118365
1   2   3
Байланысты:
OUVlxPpImDsYdTiwYuXHtnOcy9zcJozoDxMbtCZg

Қаназдық

  • Қаназдық (анемия) - қанда эритроциттердің азайып, гемоглобиннің кемуінен болатын ауру. Қаназдықтың болу себептері: денеден көп қан кету; химиялық заттардың, удың, безгек ауруының әсерінен эритроциттердің тіршілігін жоюы; кемік майы, бауыр, көкбауырдың зақымдануы; эритроциттердің түзілуіне қатысатын заттардың (темір, В12 витамині) жетіспеуі және т. б. Қан оттегіне қанықпағандықтан, мүшелер мен ұлпаларға оттек жетіспейді. Зат алмасу бұзылады. Эритроциттердің мөлшері азайғанда қанның тұтқырлығы төмендеп, жүрек соғуы жиілейді. Қаназдықтан жүрекке көп күш түседі. Оны қан құю арқылы емдейді.

Ақ қандылық

  • Ақ қандылық (лейкемия) лейкоциттердің тез көбейіп, қан ағынын толтырып жіберуден пайда болады (гр. leukas - ақ, гр. haima - қан). Лейкоциттер кеміктегі жілік майын ығыстырып, эритроциттердің түзілуіне кедергі жасайды. Бұл ауруды рентген сәулесі, радиоактивті элементтермен емдейді.

Қан кету кезінде көрсетілетін алғашқы жәрдем

  • Әр түрлі қолайсыз жағдайлардың әсерінен ағзадан қан кетуі мүмкін.
  • Артерия қантамырларынан қан кету өте қауіпті, аз уақыттың ішінде көп қан жоғалтады. Себебі артерия қантамырларында қысым жоғары болғандықтан, қанның ағуы да тез болады. Мұндайда жарақаттанған жердің жоғарғы жағын саусақпен қысады. Жарақаттың бетін таза шүберекпен жауып, үстінен бұрау жіппен қатты қысып байлайды. Артерия қантамырларынан аққан қан алқызыл түсті болады.
  • Вена қантамырларынан аққан қан күңгірт-қызыл түсті. Вена қантамырлары жарақаттанса, қан аққан жердің төменгі жағынан саусақпен басып тұрып қатты таңады.
  • Мұрыннан қан кеткен кезде - басты сәл көтеріп жатқызып немесе отырғызып, көз аралығының қырына суық шүберек басады. Мақтаны сутектің асқын тотығымен (перекись водорода) дымқылдап танауға тығады. Басты тым шалқайтуға болмайды, қан тамаққа кетіп, қақалып қалуы мүмкін. Ең абзалы дәрігерге көрсету керек.
  • Ішкі қуыстарға қан кету (кеуде, құрсақ, бассүйектің ішіне және т. б.) адам ағзасы үшін өте кауіпті. Бұл кезде жедел операция жасау қажет. Ішкі қуыстарға қан кеткенде тері бозарады, суық тер шығады, тынысалу баяулайды, тамырдың соғуы өзгереді. Бұл кезде басты көтеріп жатқызып, қан кетті деген жерлерге суық су басады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет