Жүрек неге тасқа айналады?



Pdf көрінісі
бет10/14
Дата15.09.2022
өлшемі403 Kb.
#39214
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Тасжүректікті емдеу 
Құрметті 
бауырым! 
Жоғарыда 
тасжүректіктің себептері мен салдары 
жайында қысқаша баян қылдық. Енді, бұл 
дерттен айығу жолдарына тоқталайық. Бұл 
әдістер жүректі жоғары мәртебелі Аллаһқа 
жұмсақ, мүләйім және бойсұнғыш етеді. 
Аллаһтың құзырынан мақұрым болған жүрек 
осы жолдардың арқасында Оның алдына 
қайтып барады, бұрын шектен шыққан жүрек 
өз шеңберіне қайта келеді. 
Күмәнсіз, үлкен нығметтердің бірі – 
жүректің жұмсақтығы. Себебі жүректің 
жұмсақтығы нығметтің ең ұлық әрі жоғары 
мәртебесі. Нығметтің бұл түрінен ешкім құр 
қалмайды, бірақ Аллаһ азаппен жазалауға 
уәде берген пенделерін ғана бұдан құр 
қалдырған. Сондықтан Аллаһ тағала: «Аллаһ 
кімнің көкірегін Исламға ашса, сол 
Раббысы тарапынан нұрға бөленген емес 
пе? Жүректері Аллаһты еске алудан 
қатайғандар құрысын (оларға нендей 


24 
өкініш!). Міне, бұлар ашық адасуда», – 
деген 
(Зумар, 22)

Күнәдан аулақ, Аллаһтың махаббаты мен 
әміріне 
ұқыптылықпен 
бойсұнушы, 
қайырымдылыққа 
асыққан 
және 
құлшылықты 
орындауға 
әуес 
болған 
пенденің жүрегі әрқашан Аллаһ үшін нәзік 
әрі мейірімді. 
Қымбатты бауырым! Саған жүрегіңдегі 
тасты ерітіп, Жаратушы Қожайыныңа нәзік 
әрі мейірімді жүрекпен баруға көмектесетін 
бірнеше жолдарды ұсынғалы отырмыз: 
1. Аллаһ тағаланы тану.
Кімде-кім Раббысын шынайы таныса 
жүрегі мейірімді, ал кім Раббысын есінен 
шығарса оның жүрегі тас болады. Егер тас 
жүректі адамға тап болсаңыз оны жоғары 
мәртебелі Аллаһқа құлшылық жасаудан 
мақұрым, еске алудан алшақ деп біліңіз. 
Пенденің Аллаһты танымау надандығы 
артқан сайын, соғұрлым шектен тыс харамға 


25 
батады. Ал енді Аллаһтың құдіретін үздіксіз 
ойлайтын, Оның берген есеп-қисабы жоқ 
нығметіне шүкіршілік ететін болса, онда ол 
адамның жүрегі соғұрлым мейірімді келеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет