Науқас 58 жаста. Бір аптадан бері бас ауыруына, бас айналуына, құлақ түбіндегі шуылға, сол жақ шеткі мүшелердің әлсіздігіне шағымданды. Бүгін таңертең төсегінен құлаған. Қарап тексергенде: есі анық, мұрын-ауыз қыртыстары тегістелген, оң жақ жоғарғы кірпігінде птоз байқалады. Сол жақ шеткі мүшелердің бұлшық еті әлсіреген. Жүрек тондары анық, аортада 2 тонның акценті байқалады. АҚҚ 190/100 мм.сн.б. Өкпеде қатты тыныс, сырыл жоқ.ТАЖ минутына 22 рет.
Төменде көрсетілген диагноздардың қайсы ЕҢ дұрыс?
артериалдық гипертензия, криз, геморрагиялық инсульт
бет нервісінің невриті
артериалдық гипертензия, криз
артериалдық гипертензия, өкпе ісінуі
артериалдық гипертензия, дисциркуляторлық энцефалопатия
вегето тамырлы дистония
Науқаста артериялдық гипертензияның 1 дәрежесі, аяқ астынан жағдайы нашарлаған. Басының ауруы, бас айналу, көз алдының торшалануы, жүрек тұсының ауруы. Ысыну сезімі және денесінде қызыл дақтар байқалады. АҚҚ 210/110 мм.сн.б.
Төменде көрсетілген диагноздардың қайсы ЕҢ дұрыс?
гипертоникалық криз
есекжем
стенокардия
инфаркт миокардасы
гипогликемиялық кома
Науқас әйел 36 жаста. Басының қатты ауруына, жүрегінің соғуына, төс артындағы ауру сезіміне, жалпы әлсіздігіне шағымданды. Қарап тексергенде: қозғыштығы байқалды. Пульс 115 соқ/мин, АҚҚ 190/110 мм.с.с.б. Жүрек тондары анық, қатты, аортада 2 -ші тонның акценті.
Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы ЕҢ дұрысы?
гипертониялық криз
өкпе ісінуі
кардиогенді шок
жіті коронарлы синдром
өкпе артериясының тромбоэмболиясы
Науқас Б. 62 жаста. Басының ауруына, айналуына, жүрек айнуына және жүрек тұсындағы жайсыздыққа шағымданады. Өзін 2 күннен бері жайсыз сезінеді. 2 жыл бұрын инфаркт миокарда алған. Қарап тексергенде: тері жамылғысы бозарған, құрғақ. Жүрек шекарасы 1,5 см. солға ұлғайған. Жүрек тоны төмендеген. Жүрек ұшында систолалық шу және аортада 2 тонның акценті, дұрыс ритмді. Пульс 120 соқ/мин., АҚҚ 260/120 мм.сн.б. ЭКГ: горизонтальді жағдайда ЖЭӨ. RV4≺RV6, ST сегменті V4-V6 бойында 1мм изоэлектрлік линияда.
ЕҢ негізгі болатын қорытынды диагноз?