Науқас 59 жаста. Кеуде тұсында күйдірген ауыру сезімі, ұзақтығы екі сағаттан көп, тершеңдікке, өлім қорқыныш сезіміне, әлсіздікке шағымданады. Шыдатпайтын жүрек тұсындағы ауыру сезім біртіндеп күшейеді. Нитроглицерин әсерінен басылмайды. Науқас жағдайы өте ауыр. Тері жабындылары: бозғылт, суық тер басқан. Өкпеде везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ. ТАЖ 22 рет мин. Жүрек тондары мылқау, ритмді, АҚҚ 80/60 мм.с.б Пульстің толымдылығы әлсіз және күштемелі. ЭКГ: синусты тахикардия 120 рет мин, III және AvF әкетулерінде Q тісшесі терең,кеңейген. V2-V5 әкетулерінде QS комплексі, STсегменті изосызықтан 6 мм жоғары.
Ауыру сезімін басу үшін қандай препарат ЕҢ тиімді?
морфин
кетонал
аналгин
промедол
фентанил
Науқас 22 жаста. Стоматолог бақылауында аузын ашып көргенде аяқ асты әлсіздік, бас айналу, естен тану пайда болды. Бірнеше минуттан кейін есінен танды. Анамнез: қоғамдық көлікте есінен танып қалған, тұрақты АҚҚ 100/60 мм.с.б Обьективті: жағдайы орташа. Есі жоқ. Тері жабындысы: суық, бозғылт. Өкпеде везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ. ТАЖ 18 рет мин. Жүрек тондары анық, ритмді, ЖСЖ 100 рет мин. АҚҚ 90/50 мм.с.б
ЕҢ тиімді емдеу әдісі қандай?
жатқызу, аяғын көтеру, нашатыр спиртін иіскету.
жатқызу, басын көтеру, эпинефрин б/е
полиглюкин инфузиясы 400,0, госпитализация
эпинефрин б/е, полиглюкин инфузиясы 400,0
глюкоза 40%-20,0 к/т, полиглюкининфузиясы 400,0
Науқас 58 жаста, кеуде тұсында қысқан ауыру сезіміне, ентігуге, әлсіздікке, суық терге шағымданады. Ауыру сезімі 3 сағатқа созылады. Жағдайы ауыр. Калпы: мәжбүрлі ортопты қалыпта. Тері жабындысы: бозғылт, жабысқақ суық тер басқан. Жүрек тондары тұйықталған, ритмді, тахикардия 110 рет мин. АҚҚ 85/60 мм.с.б Өкпенің барлық бөлігінде ылғалды орта, ірі көпіршікті сырылдар. ТАЖ 44 рет мин.
ЕҢ тиімді жедел жәрдем
этил спиртінің буын ингаляциясы, морфин, гепарин
сальбутамол, преднизолон, аминофиллин
полиглюкин, промедол, преднизолон
эпинефрин, преднизолон, клемастин
сульфат магния, нифедипин, каптоприл
Достарыңызбен бөлісу: |