Жүргізуші : Қамықпаған қиындықтың үрейінен, Өздеріңе силап қырдың гүлінен Бүгінгі ұрпақ – бақытты ұрпақ атанып Құттықтаймыз Ұлы Жеңіс күнімен! ІІ жүргізуші



бет2/4
Дата16.05.2023
өлшемі48,03 Kb.
#93611
1   2   3   4
Байланысты:
жеңіс күні сценари3

ІІ жүргізуші:
Соғыс кезінде басқа туысқан республикалардың өкілдерімен бірге Қазақстаннан майданға аттанған жауынгер ұл-қыздар да асқан қаһармандықтың, өшпес ерліктің үлгісін көрсетіп, туған елді сүйсінтті. Оларды ұлы ерлікке бастаған құдыретті күші-туған жерге, елге, Отанға деген шексіз махаббат, зор сүйіпеншілік еді.
І Жүргізуші:
Ұлы Отан соғысының сұрапыл жылдарында көрсеткен Кеңес Қарулы Күштерінің, халқының қаһармандық ерлігіне бүкіл прогресшіл адамзат әрқашан да ризашылықпен қарап, құрметпен тағзым етпек. Уақыт өтіп, сол бір қиын күндер тарих керуенімен алысқа ұзағанымен, оның ауыртпалығы, қатерлі кезеңдер-ұрпақ зердесінде мәңгі бақи өшпейді, естен кетпек емес.
Отанға жау кенеттен оқ атқанда,
Өрт салып бау-бақшаны қиратқанда
Аттанды ер-азамат намыс кернеп,
Елдің күткен үмітін мол ақтауға
Жөнелді қан майданға қыршын жастар
Ақ ниет, асыл мақсат алға бастар
Майданға қалың қолмен бара жатыр
Құшақтап, қош айтысып майдандастар.
ІІ жүргізуші:
Алапат ауыр соғыс өз салмағын иыққа 1418 күн мен түн, яғни 4 жыл салды. Фашизм жер шарына соғыс алапатын алып келді. Бұл тарихта «Ұлы Отан соғысы» деген ерекше атпен қалды. 
І жүргізуші:
Міне, Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына 78 жыл болды. Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділктерін паш ететін, тарихта қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің тылдағы қажырлы еңбегімен жеңісті шыңдаған, егін даласында, күні-түні мал бағып, тынымсыз жұмыс істеген жұмысшылар, ауыл адамдары тойлайды.
ІІ жүргізуші:
Бұл мейрамды біздің аяулы да даңқты әйелдеріміз-өздерінің әкелерін, ерлерін, ұлдарын және сүйіктілерін көзінен жасы сорғалай жүріп төзімділкпен күткен, олардың орнын жоқтатпаған аналар мен жұбайлар, қалыңдықтар мен қыздар тойлайды. Бұл мейрамды , өздерінің әкелері мен ағалары қанын төгіп, жанын қиып , бақытты өмірін қамтамасыз еткен Ұлы Жеңістің құрдастары тойлайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет