Жүргізуші : Қамықпаған қиындықтың үрейінен, Өздеріңе силап қырдың гүлінен Бүгінгі ұрпақ – бақытты ұрпақ атанып Құттықтаймыз Ұлы Жеңіс күнімен! ІІ жүргізуші



бет1/4
Дата16.05.2023
өлшемі48,03 Kb.
#93611
  1   2   3   4

Жүргізуші : 
Қамықпаған қиындықтың үрейінен,
Өздеріңе силап қырдың гүлінен
Бүгінгі ұрпақ – бақытты ұрпақ атанып
Құттықтаймыз Ұлы Жеңіс күнімен!
ІІ жүргізуші:
Жеңіс деген жақсылықтың сыңары
Жігерменен құштарлықтың құралы
Күрескердің арманы мен ұраны
Қуаныш пен мерекенің бұлағы.
І жүргізуші:
Құрметті қонақтар ,ұстаздар, оқушылар! Сіздерді көктемнің жарқын мерекесі- «Жеңіс күнімен» шын жүректен құттықтаймыз. Әрқайсымыз үшін жақын да қымбат мереке-Жеңіс күні!Ұлы жеңістің 78 жылдық мерекесіне арналған концертімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
Баршамызға белгілі 9 мамыр 4 жылға созылған ұлы Отан соғысында неміс басқыншыларын өз ордасында күйрете талқандап, әділетті елімізге жеңіс әкелген күн. Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Қанша бала жетім қалды, қанша ана жесір қалды, қаншама қыршын боздақтарымыз отан үшін өмірін қиды. Соғыс зардабы қаншама жүректерге жазылмас жара салды.
ІІ жүргізуші:
Биыл міне, сол жеңіске де 78 жыл толыпты. Бірақ, бізге – тыныш жылдар, бақытты өмір сыйлаған ата-бабаларымыздың ерлігін ұмыттырмақ емес! Тарих кеші үнемі жаңаланып отырады. Десе де ұмытылмайтын, ескермейтін тарихи оқиғалар болады. Соның бәрі әлемді дүр сілкіндірген екінші дүниежүзілік соғыстың қасіреті мен Ұлы Жеңістің қасиетін батыр ағаларымыз бен апаларымыздың ерлігін ешкім де ешқашан ұмытпақ емес.
І жүргізуші:
Ұлы жеңіс күнінде отанымыз үшін өзінің жанын пида еткен, зардабы ауыр болған осы соғыста арманда кеткен ағалар, 20-дан жаңа асқан жастар, жер астында қартайған боздақтар, табыса алмай қалған бауырлар қаншама десеңізші.
І жүргізуші:
Мөлдір аспанды бұлт қаптады. Шаттық әні қайғылы үнге , нұрлы күнді қаратүнекке айналдырмақ болған соғыс 1941 ж 22 маусым күні таңғы сағат төрттер шамасында, фашистік Германия тұтқиылдан шабуыл жасады, бейбіт тыныш ұйқыда жатқан Отанымыздыңіргесіне опасыздықпен басып кірді. Отан-Ана шақыруымен еліміздің миллиондаған аяулы ұлдар мен қыздары ел шебіне тиген жауға қарсы шешуші айқасқа аттанды.
Бұлт түнеріп аспаннан
Талай көзден жас тамды
Тұтқиылдан жау тиіп
Қырғын соғыс басталды.

Жерден , көлден. Аспаннан


Соқты жауды ел күнде
Отан үшін от кешіп
Жақындай түсті Берлинге!

Тылдағы ел де ерледі


Тынымсыз күн-түн терледі
Ерлердің жоғын білдірмей
Жауды да жеңіп кел деді.

Тастар көкке атылды


Орман шулап тау құлап
Жиырма сегізбатырды
Жеңе алмады жау бірақ

Жау жеңілдің ақыры


Атты бейбіт таң күліп
Жиырма сегіз батырын
Ұмытпайды , ел бірақ


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет