Жүргізуші: Қабырғасын қайыстырып ұлтымның Сансыз жүрек алмағандай бір тыным. Міне бүгін 90 жастың төрінде Қара нары қаламгері жұртымның Құрметті қонақтар бүгінгі кешіміз қазақ әдебиетінің көрнекті жазушысы, қалың қазақ жұртының арқа сүйер



Дата07.12.2022
өлшемі19,42 Kb.
#55675
Байланысты:
шерхан дұрыс сценарий (копия)


БАСПАСӨЗДІҢ БАҺАДҮРІ -ШЕРІ АҒА.
(фанфар,жәй музыка,жүргізушілер шығады)
1 жүргізуші:
Қабырғасын қайыстырып ұлтымның
Сансыз жүрек алмағандай бір тыным.
Міне бүгін 90 жастың төрінде
Қара нары қаламгері жұртымның
Құрметті қонақтар бүгінгі кешіміз қазақ әдебиетінің көрнекті жазушысы, қалың қазақ жұртының арқа сүйер ардагері, қайсар тұлға Шерхан Мұртазаның 90 жылдығына арналған шығармашылық кешке қош келдіңіздер!
2 жүргізуші:
Шыңға біткен шынар едің Шераға,
Тарихымды түгендедің ер-аға
Билік пенен бұқараны бағалап,
Бола білдің басылымға төраға.

Самал Шерхан атамыздың 90 жылдық мерейтойында өмірбаянымен шығармашылығы туралы айтпасақ болмас



1 -жүргізуші
Дұрыс айтасың Әйгерім, Шерхан Мұртаза 1932 жылы 28 қыркүйек Жамбыл облысы Жуалы ауданы , Мыңбұлақ ауылында дүниеге келген. Жазушының шын есімі- Шері. Қазақтың айбарлы, қайратты жыртқыш аңы – барысқа байланысты қойылған. Әкесі Мұртаза 1937 жылы сталиндік репресссияның құрбаны болып кетті. Әкесінен ерте айырылған бала оқу мен еңбекке ерте араласады.Балалық шағы да соғыстың тауқыметті кезеңдерімен тұспа- тұс келген. Сондықтан болар жазушының түсіне жиі балалық шағы оралып отырған.

2- жүргізуші
Тұңғыш кітабы – «Құрылысшы Дәку» очерктер жинағы 1958 жылы жарық көрді. Қазіргі замандас бейнесі, соғыс жылдарындағы тыл адамдарының қажырлы еңбегін баяндаған, «Табылған теңіз», «Бұлтсыз күнгі найзағай», «Белгісіз солдаттың баласы», «41 – ші жылғы келіншек», «Ахметжанның анты» повестері мен «Интернет наны» атты әңгімелер жинағы жарияланды. Драматургия саласында жазушының “Қызыл жебе”, “Сталинге хат” , сондай-ақ “Бесеудің хаты” атты пьесалары қойылды. Көп созбай,ендеше бейнероликке назар аударайық

Бейнеролик

1 жүргізуші:
Шерхан Мұртаза 6 жерде редакторлық қызмет атқарды, « Қазақстан» Ұлттық телеарнасының « Таңшолпан» бағдарламасы Шерхан Мұртазаның бастамасымен әзірлеген. « Лениншіл жас» газетіне редактор болып келгенде бұрын 30 мың таралыммен шыққан газетті 150 мың таралымға дейін жеткізген.
2 жүргізуші:
Халқына ерекше әділдігімен,айрықша ұстамдылығымен,білгірлігімен Шераға,қандай қызметте болсын,талапшылдығымен,озық ойлы іскерлігімен ұжымын алға сүйреген қайсар азамат. Жазушы журналист ретінде ғана емес,қоғам қайраткері ретінде де еліміздің дамуына зор үлес қосты.
Ендеше қадірменді қаламгеріміз Шерхан Мұртазаға арналған 2 курс студенттері Екпін Аружан, Айтқазы Айгеримнің арнау өлеңдерін қабыл алыңыздар.


1 жүргізуші
Сен ән салдың, сен тарихи тағдырсың,
Жаз таңында жауып өткен жаңбырсың.
Сені күнде аялайтын, аяйтын,
Көңілімде өзің айтқан ән жүрсін.
Келесі кезекте 2 курс студенті Байралы Жанеркенің өз шығармашылығынан арнаған өлеңін қабыл алыңыздар
2 жүргізуші:
Заманның кешсеңіз де сын мұздағын,
Бір сәтке бұзбадыңыз шындық заңын.
Періште болсам бір сәт кеудеңізге,
Тағар ем көктің жақұт жұлдыздарын.
Бұл қазақ сан ғұмырдан күйік шеккен,
Қырық ру қырандарды жиып шеттен.
Шер-аға, Сіз ғанасыз бұл қазақта
Жерлестік, жүз дертінен биік кеткен

Ендеше шығармашылық кешімізді әрі қарай жалғастырайық, келесі кезекте 2 курс студенті Мәлікзада Аружанның орындауындағы «Туған жер» өлеңін қабыл алыңыздар

  1. жүргізуші

Жазылса да естелікпен әніміз,
Бола қоймас бұрынғыдай сәніміз.
Кұндер өтер,айлар өтер, жыл өтер,
Сағынамыз, Шерағаны әлі біз!
Видеоролик «Бір кем дүние»
2-жүргізуші
Шерхан Мұртазаның нақыл сөздеріне құрылған «Бір кем дүние» атты шағын көрсетілімімізді қабыл алыңыздар.
(көрініс)
1 жүргізуші:
Ауыр қайғы қақ жарғандай аспанды,
Жанарлардан ыстық мөлдір жас тамды.
Қарапайым жан едің ғой қашанда,
Көрсетпедің кеуде керіп асқанды.

Келесі кезекте «Ай мен Айша» би тобы. Қарсы алыңыздар

2 жүргізуші:
Еліне адал еңбек етіп,ұлтының қам-қарекетін ойлап өмірден өткен Шерағаның ғибратты ғұмырын біздер әрқашан құрмет тұтамыз.
Осымен «Баспа сөздің Баһадүрі – Шер аға» атты әдеби кешіміз аяқталды.
Қош-сау болыңыздар!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет