Жүргізуші: Армысыздар, қымбатты оқытушылар, студенттер және облыстық пәндік олимпиада додасына қатысушылар



Дата10.12.2023
өлшемі18,16 Kb.
#136092
түріБілім беру бағдарламасы
Байланысты:
СЦЕНАРИЙ


Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті 6В01210 «Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы» білім беру бағдарламасының ұйымдастыруымен өткізілген колледж студенттеріне арналған облыстық пәндік олимпиадасының
СЦЕНАРИЙІ
Жүргізуші: Армысыздар, қымбатты оқытушылар, студенттер және облыстық пәндік олимпиада додасына қатысушылар! «Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту» мамандығы бойынша оқитын колледж студенттеріне арналған облыстық пәндік олимпиадасы сіздерге тың серпін береді деп сенеміз. Тұғыры биік еліміздің ертеңі бүгінгісінен де жарқын болуы – рухы асқақ, өресі биік, білімді де талантты ұрпақ қолында.
Тәрбие мен білімді ең басты қазынам, байлығым деп есептеп, осы мамандық бойынша білімдерін сынайтын пәндік олимпиадаға келген командалар қош келдіңіздер!
Облыстық колледж студенттеріне арналған олимпиаданы ашық деп жариялаймыз! Сөз кезегін Педагогика жоғары мектебінің деканы Нұрмағамбетова Ботагөз Амангелдіқызына береміз. (би)
«Жеке дарын жетілмейді, дарындар сайыса жүріп, бірін-бірі жетелейді» дегендей, қатысушы командалардың білім-білік дағдыларын іс жүзінде сарапқа салатын қазылар-алқасымен таныстырып кетейік.

  1. Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің «Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту» Білім беру бағдарламасының басшысы – Абдырова А.О.

  2. Логопедтік және психологиялық қызметтердің, мектепке дейінгі ұйымдардың инклюзивті білім беру, мектепке дейінгі мекемелердің әдістемелік қызметтерінің жұмысын диагностикалау және рейтингтік бағалау мәселелері бойынша әдіскер – Рахымжанова Құндыз Мұратханқызы

  3. Павлодар қаласының №49 санаторлық сәбилер бақшасының басшысы – Смагулова Жанат Аскаровна.

  4. Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің Педагогика жоғары мектебінің вице деканы – Рахмжанова Арай Бейсембаевна.

  5. Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің Педагогика жоғары мектебінің оқытушы-сарапшысы Кошкимбаева Раиса Халыковна.

Олимпиадаға қатысушылар құрамы команда жетекшісінен және 4 студенттен тұрады. Пәндік олимпиада 3 кезеңді қамтиды.


1-кезең. «Тәрбиеші – тәрбие тірегі» командалардың өзін-өзі таныстыруы.
2-кезең. Сахналық қойылым. «Көркем шығармалардағы ұлттық құндылықтардың интеграциясы».
3-кезең. «Күш - білімде» теориялық сайысы.
Ендеше білім додасын бастамас бұрын командалардың шығу ретін анықтап алайық. Әр командадан бір адам келіп жеребе тартуларын сұраймыз.
Олимпиадаға қатысушы командаларға сәттілік тілей отыра, 1-кезең «Тәрбиеші – тәрбие тірегі» командалардың өзін-өзі таныстыруы сайысын бастаймыз. Әр командаға 5 минут уақыт беріледі. Сайыс 5 балдық жүйе бойынша бағаланады.
Бағалау критерийлері:
- тәрбиеші мамандығының маңыздылығын көрсету;
- өзін-өзі таныстыру ерекшелігі;
- тақырыпқа сәйкестігі;
- қатысушылардың сөйлеу мәдениеті, әртістік шеберлігі;
- уақыт регламентін сақтау.
(Сахнаға бірінші команданы шақырамыз..., 2-ші..., 3-ші..т.б..)
Құрметті әділ-қазылар алқасы, сіздерден 1-кезеңнің ұпай сандарын көрсетіп кетулеріңізді сұраймыз. (1-команда баллдары, 2-ші ... т.б.) Рахмет.
2-кезең. Сахналық қойылым. «Көркем шығармалардағы ұлттық құндылықтардың интеграциясы» Әр командаға 15 мин. беріледі. Байқау 10 балдық жүйе бойынша бағаланады.
Бағалау критерийлері:
- тақырып мазмұнының сәйкестігі;
- көркемдік шеберлік;
- сөйлеу, музыка және пластикалық мәдениет;
- қойылымның мағынасын жеткізу ерекшелігі;
- репертуар таңдауының мамандыққа сәйкестігі;
- қойылым мәдениеті (декорация, костюмдер, аудио, бейне жазбалардың сапасы).
Құрметті әділ-қазылар алқасы, сіздерден 2-кезеңнің ұпай сандарын көрсетіп кетулеріңізді сұраймыз. (1-команда баллдары, 2-ші ... т.б.) Рахмет.


Құрметті оқытушылар, студенттер, қатысушылар. 3-кезең. «Күш - білімде» теориялық сайысы. Бұл сайыс компьютерлік аудиторияда болады.
Олимпиаданың 3-кезеңі түскі астан кейін жалғасын табады. 13:00 –де команда жетекшілері мен тестке қатысатын команда мүшелері № аудиторияға өтесіздер. Ал қалғандарыңыз, яғни тестке қатыспайтын команда мүшелері, жетекшілері, және көрермендер сіздерді акт залында күтеміз.
3-кезең Теорялық білімды сынау басталды. Қатысушыларға сәттілік тілей отыра, кішігірім музыкалық үзілістің көрермені болыңыздар. Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің студенттерінің өнер тамашалаңыздар.
Жүргізуші: бүгінгі қоғам сіздерден білім мен ғылымды игеру жолында үздіксіз ізденуді талап етіп отыр. Бүгінгі сайыста әрбір команданың білім деңгейлері, шығармашылық және әртістік қабілеттері таразыланып, «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады» дегендей, қазір олимпиада жүлдегерлерін анықтайық.
Ол үшін сөз кезегін әділ-қазылар алқасының төрайымы беріледі. (1,2,3 орындарды анықтау, номинациялар табыстау)
Жетекшілерді марапаттау.
Жүргізуші:
Нұр жүзінен жылы шуақ төгілген,
Бүлдіршінді сүйген таза көңілден.
Тәрбие беріп, жас ұрпаққа қашанда.
Мамандығын тапқан мына өмірден, - дей келе марапатқа ие болған командаларды құттықтаймыз, сіздерге шығармашылық шабыт пен толағай табыс тілейміз! Осымен «Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы» білім бағдарламасының ұйымдастыруымен өткізілген колледж студенттеріне арналған облыстық пәндік олимпиадасын жабық деп жариялаймыз. Қош сау болыңыздар!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет