2 – жүргізуші:
Жас жүректің өмірлік құштары–гүл,
Бағбан - ұстаз баулыған құстары бұл.
Қоштасып бүгінгі күн ұясынан
Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр.
1 – жүргізуші:
Армысыздар жиналған ата - ана, ұстаз
Той жиынсыз өмірдің мәні болмас
Арамыздан талпынып қақты қанат
11 - жылда оң - солын таныған жас.
Ұрпағың мақтануға болса лайық,
Біз бүгін мақтанайық, жар салайық.
11 «А» сынып түлектерін
Құрметпенен қошеметтеп қарсы алайық!
2 – жүргізуші:
Дарытып білім бойыма,
Үйреткен әріп ұстазым.
Қуанған әрбір тойыма,
Көңілімде мәңгі қыстадың.
Есейіп қазір қалсамда,
Шәкіртпін әлі сіз үшін.
Қартайма, асыл ұстазым,
Биіксіз мәңгі біз үшін– дей келе біздің алғашқы ұстазымыз, Балқия апайды ортаға шақырамыз.
............................................................................................................................................................................
1 – жүргізуші:
Сарп еткен бізге бар күшін,
Арнаған күзін, жаз, қысын.
Еңбегің берген өлшеусіз,
Соғамын саған сом мүсін.
Саф алтыннан мүсіндеуге лайықты,
Ұлағатты, ұстам биік, ұстазым.
Ескегі боп көмектесер қайықтың,
Жарқын жүрек, алтын тірек, ұстазым – дей келе біздің сынып жетекшіміз Гүлжан апайды қарсы алайық.
...........................................................................................................................................................................
1 – жүргізуші:
Ажырамай мектептен бір елі сіз
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз
Сөз берелік құрметпенен өзіңізге
Арналсын түлектерге тілегіңіз – дей келе мектеп директоры Н. Асилбеков ағайға және мектеп басшылырана сөз кезегін береміз.
2 – жүргізуші:
Міне, осыдан 11 - жыл бұрын мектеп табалдырығын жаңа аттаған жас бүлдіршіндер қатарында едік, енді есейіп азамат атанып, жаңа өмірге қадам басқалы отырмыз. Алғаш қадам басқанда жылы жүректі ұстазымыз қарсы алып, жазуға, оқуға баулып еді.
Болыпсыз сіз 4 жылда жетекшіміз
Барынша өмір жолын үйреттіңіз
Балқия апай, біздер сізге
Мәңгілік қарыздармыз, қарыздармыз – дей келе қолымызға алғаш қалам ұстатқан ұстазымызға сөз береміз.
1 – жүргізуші:
Ұрпақсыз шәкірттерге бақ келген бе?
Бапкерсіз тұлпарларға бап келген бе?
Он бір жыл сыныбы үшін жанын салған,
Сөз кезегі - жетекші бапкерлерде.
Ортаға сынып жетекшіміз: құрметті ұстазымыз Серикбаева Гүлжан апайымызға сөз береміз.
2 – жүргізуші:
Өткіздім мұнда балғын жасымды мен
Жанымда сіңді сенің асыл киең
Сарқылмас бастауысың ұлылықтың
Мектебім саған мәңгі басымды ием дей отыра, ............................................. әнімен ортаға шақырамыз.
1 – жүргізуші:
Мектеп-білім айдынындағы үлкен кеме. Осы кемеде он бір жыл уақытты әр бала өткізеді. Мектеп табалдырығын тарыдай болып аттап, он бір жыл бойы білім алып, таудай болып шығамыз.
Мектебің – алтын ұя жарқыраған,
Ұстазың – бұлақ көзі сарқыраған.
Шыңдалып, шыңға қарай қанат қақтың,
Шарықта, жас қыраным, ақ жол саған - дей келе .............................................................. биін қарсы алыңыздар.
2 – жүргізуші:
Мектепте оқу керек, ал мектептен шыққан соң, одан да көп оқу керек.
Мектебім - алтын ұям, құт босағам,
Білімге бастау алдым осы арадан
Жалықпай табасың деп сен үйреттің
Шешуін қиындықтың тосар алдан.
Мектебім - жұмбақ бағым, құтты мекен,
Ұшырсаң көкке самғап менде кетем.
Анамның құшағындай елжіретер,
Шуақты сендей сұлу жер бар ма екен?
Келесі кезекте .................................................................................. әнімен қарсы алыңыздар.
1 – жүргізуші:
Ақ жұлдыздай жарық шашқан түндегі.
Нұр сәулесін төгер ұстаз жүрегі.
Болашаққа сол жүректен өт алып
Самғай берсін шәкірттердің тізбегі.
2 – жүргізуші:
Ұстазым, жасымыздан тәрбиелеп
Көп нәрсені үйреттің
Жақсы іске ұмтылдырып
Жамандықтан жиренттің
Достарыңызбен бөлісу: |