1 – жүргізуші:
Кей кездері ренжіттік
Балалық жас шағымызда
Біз үшін көп қиналдың
Ақ кіргенше шашыңа
2 – жүргізуші:
Сіз өсірген құстарыңыз
Ұшқалы отыр ұясынан
Сізді ешқашан ұмытпаймыз
Ассақ та биік құз басынан.
1 – жүргізуші:
Бiр әрiп үйреткенге 40 жыл сәлем бер демекші, бізге бар білімін үйретіп, тәлім-тәрбие берген ұстаздарымызды ешқашан да ұмытпаймыз.
Келесі кезекте сыныбымыздың әнші қыздары ......... мен ........ орындауында «Ұмытпаймыз» әнін қарсы алыңыздар.
2 – жүргізуші:
Өнерді жаныменен түсінетін
Қашанда өнерлі жас сүйсінерім
Қыздарымыз билесін мың бұралып
Биіменен шашу шашып бишілерім.
Келесі кезекте ............................................................................... биін тамашалайық.
1– жүргізуші:
Абзал жандар биік тұлға байсалды,
Құшақ жайып төл мерекең қарсы алды.
Түлектерге жарқын тілек білдіріп,
Құттықтайды бүлдіршіндер баршаңды.
Құттықтау кезегі бастауыш сынып бүлдіршіндеріне беріледі.
2 – жүргізуші:
Сыңғырла, соңғы қоңырау!
Бүгінгі күні осынау.
Қоштасатын мектеппен
Кез де кепті, досым-ау... дей отырып, ............. «..................» әнімен қарсы алайық.
1 – жүргізуші:
Келеді жыр сыйлағым, гүл сыйлағым
Жанымның жайып салып тылсымдарын
Махаббат боп маздаған мына ғалам
Бақытты мектебімнің білсін барын.!
Мектебімізге қандай жыр арнасаң да жарасады. Ендеше, сыныптастарымыздың мектепке арналған жырларын тыңдайық. (өлең шумақтары)
2 – жүргізуші:
«Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» , - деп Абай атамыз айтқандай, алғаш қолымызға қалам ұстатып, оңымыз бен солымызды танытқан, бізбен бірге қуанып, 42 әріпті танытып, білім нәрімен сусындатқан, мектептегі анамыз – ұстаз екені бәрімізге мәлім.Ұстаз туралы не айтар едің ...............?
1 – жүргізуші:
Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей, оқуға, жазуға үйреткен мұғалім еңбегі шексіз. «Мұғалім – мектептің жүрегі» - деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған.
2 – жүргізуші:
Дұрыс айтасың Ерлан, ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, көкті шарлаған ғарышкер де, бәрі-бәрі ұстаздан білім мен тәрбие алған.
1 – жүргізуші:
Ия , бұл туралы батыр Бауыржан атамыз: «Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді» деген екен. Олай болса, келесі кезекте ............................. мен ............. орындауында .............................. атты әсем әнін тыңдайық.
2 – жүргізуші:
Мектебім, алтын ұям, нұрың жарық,
Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып.
Сүйкімді сенің күміс қоңырауың,
Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.
Келесі кезекте сыныбымыздың мың бұралған биші қыздарының ................................................................... биін тамашалайық.
1-жүргізуші:
Балалықпен қоштасар уақыт жетті,
Біз ер жеттік күн санап тұлғаланып.
Он бір жыл он минуттай өтіп кетті,
Уақыт түгіл, жылдар да жылғаланып.
2-жүргізуші:
Алғыс айтса ұстазға күллі атырап,
Ұлың бар ма ақылын таразы етпес?
Ұстазына шәкірті қымбаттырақ
Ұстаның бұйымындай баға жетпес.
Ұстаздар бөленсе екен жиі нұрға,
Білім атты алқаптың жиған дәнін.
Келесі кезекте ............ мен ........... орындауында «..............» әні.
2 – жүргізуші:
Көрмеген артық сөйлеп артық күліп,
Шәкірттерін баулыды тәртіпті қып.
Шақырайық вальске түлектерді
Қоштасудың вальсін айтып тұрып.
Түлектердің орындауында «Қоштасу вальсін» тамашалайық.
1 – жүргізуші:
Бірге жүрдік,11 жыл, бірге ойнадық,
Бірге оқыдық 11 жыл, бірге ойладық
Келді бүгін қоштасатын кезіміз,
Ақтық рет мектеп тойын тойладық.
Хор «.......................». (Гитарамен ән)
1 – жүргізуші:
Гүлдерге толып омырау
Түлектер тойын тойлайды.
Қағылмақ соңғы қоңырау
Қаққызбай өмір қоймайды.
Келесі кезекте флешмоб
2 – жүргізуші:
Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,
Алтын ұя, ақ босаға киелі.
Қанат қаққан білім алып өзіңнен ,
Күллі шәкірт саған басын иеді.
Келесі кезекте ........................................................................... қарсы алыңыздар.
1 – жүргізуші:
Ата - ананың өмірінің жалғасы
Ұстазының енді толған арнасы
Кең пейіл мен ақ арманнан нұр алған
Туған жердің бақытынан жаралған
Орын табар бақыт деген аралдан
Жүректерің не дейді?
Түлектерім сөйлейді
Жүректері лүпіл қаққан, қимастық пен қуаныш, аңсау мен арман сезімдері араласқан, осынау сәтте шәкірттіктің соңғы қадамында тұрған жас түлек, ендігі сөзді сендерге береміз.
Достарыңызбен бөлісу: |