Жүсіп Баласағұн



бет4/4
Дата24.11.2022
өлшемі0,54 Mb.
#52486
түріӨмірбаяны
1   2   3   4

қорытынды

Ақынның кедейлер мен аш-жалаңаш, жетім-жесірлер, кемтар жандар туралы айта келіп, ел билеген әкімдердің шапағатты, мейірімді, жомарт, ынсапты, қайырымды болуы керектігі жөніндегі ойларының маңызы ешқаман ескірмесе керек. Дастанда жақсылық пен жамандық, әдептілік пен дөрекілік, шындық пен өтірік, т.б. қарама-қарсы қойылып бейнеленген... Шығармадағы философиялық пікірлер мәнділігімен ерекшеленеді. Дастанның кейінгі дәуірлердегі сөз шеберлері шығармашылығына да үлкен әсері болғаны жыраулар поэзиясынан да байқалады. Қазақ хандығы дәуірінде хандарға, сұлтандарға ақыл-кеңес айтып, бағыт-бағдар беріп отыруымен бұл дәстүрді жыраулар өз шығармаларында жалғастырды.Ғалым Н.Келімбетов айтқандай “Жүсіп Баласағұнның “Құтты білік” дастанында айтылатын ақыл-парасат, оқу-білім, бала тәрбиесі, адамдардың өзара қарым-қатынасындағы ізеттілік, тілге сақ болу керектігі, қарттарға құрмет, ел басқаратын әкімдерге қажетті ізгі қасиеттер, тағы басқалар жайындағы моральдық, этикалық, дидактикалық, философиялық пікір-тұжырымдар қазақ ақын-жыраулары поэзиясында өзінің көркемдік жалғасын тапты.Қорыта айтқанда Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастанының әдеби, тарихи мәні үлкен. «Құтты білік» дастанының халқымыздың ежелгі дәуірлердегі тұрмысын, дүниетанымын, наным-сенім, әдет-ғұрпын, мәдениетін, әдебиетін, тілін танып-білуде маңызы зор.

Назарларыңызға рақмет!



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет