«Жүсіп Зылиха» дастаны махаббат туралы көне және көркем жыр


Дастанның идеялық мазмұны



бет4/7
Дата25.05.2023
өлшемі236,5 Kb.
#97645
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
«Æ?ñ³ï Çûëèõà» äàñòàíû ìàõàááàò òóðàëû ê?íå æ?íå ê?ðêåì æûð

Дастанның идеялық мазмұны

Дүрбек «Жүсіп пен Зылиха» дастанының нeгiзгi оқиғалық желісін Жақып деген пайғамбар, яғни Жа­қып патшаның он бip баласы арасындағы күншілдіктен туған қайғылы жайттерді баяндаудан бастайды. Жақып он бір ұлының кенжесі Жсіпті өте жақсы көреді. Әкесінің патшалық тағы мен тәжін Жүсіптен қызғанған он ағасы оны өлтірмек болады. Әйтсе де оны әулие-періштелер аман алып қалады. Жүciптің ағалары аяқ-қолын матап, құлдыққа сатып жібереді. Дастанда Жүсіптің ұзақ жылдар жат елдерде жүріп, жан төзгісіз қайғы-қасірет көргені суреттеледі. Ақыры Жүсіптің кемеңгер даналығы мен темірдей төзімділігіне Мағриб елінің патшасы Таймус, Мысыр әмipшілеpi Раян мен Әзиз ерекше риза болады. Соның арқасында Жүсіп Мысыр еліне патша болып, сүйіктіci Зылиха сұлуға үйленеді. Патша Жүсіп бүкіл елдегі түрлі қантөгістер мен соғыстарды тоқтатып, бейбіт, бақытты өмір орнатады.


Әділ патша жөніндегі халық арманы - орта ғасыр үшін прогрессивті құбылыс еді. Дүрбек өз дәуірінік перзенті ретінде қоғамның жақсы немесе жаман болуы патшаның қандай адам болуына байланысты деп түсінді. Зұлым, ақымақ патша гүлденіп тұрған мемлекетті ойран қылып, халықты күйзелтіп жібереді. Ал ақылды, әділ, жомарт патша қирап қалған қалаларды гүлстанға айналдырады деп пайымдады.
Мемлекетті қашанда қара қылды қақжарып, әділ төрелік ететін жандар басқаруы керек деген түйін жасайды. Мысыр елінің әміршісі Раянды ақын әділ патшаның үлгісі ретінде суреттейді. Оның даналығы мен әділдігі сондай, Мысыр елінің тағына өзінен данышпан, әділ жанды, яғни Жүсіпті отырғызады. Жүсіп зындандағы тұтқындарды босатады, ел ішінде тәртіп орнатады. Мемлекетті кемеңгерлікпен басқарады. Халықтың дәулеті артады. Көпжылғы ашаршылықтан, аштықтан құтылады.
«Жүсіп пен Зылиха» - оптимистік сарындағы дастан. Дастанда ұдайы жақсы адамдардың Mepeйi үстем шығып, зұлым жандар жұрт алдында масқара болып отырады. Бұл дастанның ғасырлар бойы үздіксіз оқылып, айтылып, ұмытылмай келе жатканының өзi де ақынның осы гуманистік идеясына байланысты. Азаттық пен eркіндік жолындағы күресте гуманистік идеялардың үстем болуы қоғамдық про­гресс үшін аса маңызды еді.
Ақын өзiнiң осы ойын Жүсіптің әкeci Жақыптың бip жағымсыз қылығымен дәлелдейді. Жақып базардан баласы бар бip құл әйелді са­тып алады. Әйелдің өзін қызметші eтiп алады да, баласы Бәшірді Мысыр саудегеріне сатып жібереді. Әлгі құл әйел баласын жоқтап күні-түні жылаумен болады. Көп жылдар бойы қайғыдан қан құсып жүреді. Ал Бәшір құлдық өмірдің қатыгез тіршілігінен қор болады. Жақып өз үйіндегі құл әйел мен оның баласы Бәшірдің басына қандай қайғы-қасірет салса, Құдай дәл сондай қайғы-қacipeттi Жақып­тың өз басына да келтіреді. Жақыптың он бip баласы ішіндегі ең жақсы көретін кенже баласы Жүсіп күндердің күнінде Мысыр еліне құлдыққа сатылып кетеді. Ал қарт Жақып сол баласын сағынып, жылай-жылай ақыры көзі соқыр болып қалады.
Көп жылдардан кейін Жүсіп өзi құлдыққа сатылған Мысыр еліне патша болған кезінде Бәшірді құлдықтан құтқарады. Бәшір мен оның анасы бақытты өмip сүре бастайды. Дәл сол кезде Жақып та баласы Жүсіптi тауып, қайғы-қасіретін ұмытады, көзі қайтадан көретін бола­ды. Бұл арқылы ақын «Өмірде жақсылық-жақсылықпен, ал жамандық жамандықпен қайтады» деген халық даналығын өз оқырманына көркем тіл, тартымды сюжет арқылы жеткізіп отыр.
Дүрбектің «Жүсіп пен Зылиха» дастаны, сырттай Карағанда, пай-ғамбарлар, әулие-періштелер, патшалар өмірінен жазылған туынды сияқты болып көрінедi. Ал шындығында Дүрбек ежелгі аңыз сюжетті бетке ұстай отырып, өзi өмip cүpiп отырған дәуірдің көптеген көкей-кесті мәселелерін көтергенін аңғару қиын емес.
Дүрбек Алтын Орда мен Мауераннахрда XIV-XV ғасырларда орын алған кейбір тарихи оқиғаларды «Жүсіп пен Зылиха» дастанына идея­лық өзек eтiп алған. Әлем әміршісі Teмip патша 1405 жылғы қаңтардың 19 күнi Отырар маңында кенеттен қайтыс болғаны мәлім. Бұл хабарды естіген бойда-ақ Әмір-Темір ұрпақтары тақ пен тәжге өзара таласып, бүкіл Мауераннахр eңipiн ұзақ жылдар бойы қанды шайқастар алақына айналдырып жібергені белгілі.
Miнe, осындай соғыстардың бipi - Темірдің баласы Шахрух пен немересі Халил арасында 1409 жылы Балх қаласы үшін болған еді. Бұл соғыста Балх қаласының халқы түгел қырылғанын Дүрбек өз көзімен кереді. «Алты ай бойы қоршауда қалған Балх қаласындағы жан шошырлық дозақ» Kepiнicтepiн Дүрбек «Жүсіп пен Зылиха» дастанында зор шеберлікпен, сенімді eтiп керсете білген.
Әмір Темірдің баласы Шахрух осындай қанды соғыстардың бipiнде Балх қаласын қоршап алады, ол ерекше қатыгездік керсетіп, үш ай бойы қалаға ешкімді кігізбейді де, одан ешкімді шығармай да қояды. Қала халқы түгелдей аштыққа, түрлі індет-аурулар ұшырап , жаппай қырыла бастайды. Ақын «қаланық iшi - дозақ ал сырты - жұмақ» деп бейнелейік. Қаланы қоршап тұрған биік қорғаннын сыртында түрлі жемістер - алма, epiк, анар, жүзім, тағы басқалар уылжып пiciп тұрады. Ал аштықтан дәрменсіз болып, құлап жатқан жандар қорған сыртындағы пiciп тұрған дәмді жемістерді «тек көзімен кepiп, қиялымен жейді. Бұл туралы ақын:

Аштық келіп, бұл қаланы жалмады,


Нәрестелер аш өзек боп зарлады.
Қорған сырты – жәннәт болып жайнады,
Ал iшінде дозақ оты ойнады.
Адам деген түсініксіз, қызық-ау,

Бip-бipнe қол созбайтын бұзық-ау.


Інілері өліп жатыр, біледі
Ағалары сыртта тұрып күледі.
Бұзылса адам - нағыз хайуан болады,
Сонда қоғам қасіретке толады, -
дейді (84, 141).

«Жүciп пен Зылиха» дастанының нeгiзгi идеясы - ел билеушілер арасындағы тәж бен тақ үшін, байлық пен мансап үшін жиі-жиі болатын қанды соғыстардың ағайын адамдар арасындаңы бақталастық пен алауыздықтың, шектен тыс қатыгездіктің зардаптарын паш ету. Ақын ел басқаратын жандардың ақылды, әділ, мейірімді, жомарт болуын көксейді. Жүciп пен Зылиха бейнелері жасау арқылы Дүрбек өз оқырманын алға қойған мақсатқа жету үшін қажымай-талмай күресуге әpi өмip жолындағы қиындықтарға барынша төзімді болуға үндейді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет