«Жүсіп Зылиха» дастаны махаббат туралы көне және көркем жыр


Жүсіп – Зылмха дастанының бастау негізі



бет2/7
Дата25.05.2023
өлшемі236,5 Kb.
#97645
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
«Æ?ñ³ï Çûëèõà» äàñòàíû ìàõàááàò òóðàëû ê?íå æ?íå ê?ðêåì æûð

Жүсіп – Зылмха дастанының бастау негізі
Казақ арасында "Жүсіп-3ылиха" деген атпен белгілі болған бұл сюжеттің негізі ежелгі мифтерден, Таурат пен Інжіл, Құран оқиғаларынан алынып, алғаш түрік әдебиетінде XIII - ғасырда (1212-1233 ж. арасы) тірілткен адам— Әли. Одан кейін XV ғасырда "Иусуф уа Зулайха" атты поэма жазған кісімін деп білген. Науаи зерттеуші ғалымдар оны ақындар антиологиясындағы үш жүз отыз алты ақын өмірінен келтірілген деректердің ішінде "Қисса Жүсіп" туындыгер Әли туралы ештеңе айтылмайтынын көрсетеді. Олай болса, бұл шығарма Дүрбек пен Науаи өмip сүрген ортаға белгісіз деген сөз.
Ал "Қисса Жүсіп" көбірек татар ғалымдары Тагирджанов Г., Джавад Алмаз, Ұсманов М., Хисаманов Н.Ш. бұл ecкepткiш ежелгі бұлғар бойынікі деген дәлелдер келтіруге тырысады. Одан бұрынырақтағы орыс тюркологтары Самайлович А.Н. Бертелеьс, Е.Э. Брокельман К., Жир Нэжш сияқты ғалымдардың бipi - Kiшi Азияда, бipi— Орта Азияда, бipi - Еділ бойында туған деп бағалаған. Орта Азияда туды деуге себеп болған нәрсе Әли қиссаның сопылық көзқарастары тұрғысынан Ахмет Иассауи "Хикметтеріне" ұқсастығы болатын.
Біз неміс ғалымы К. Брокельман айтқандай, бұл қиссада оғыз тілінің элементтері келтірілгенін тілге тиек ете отырып, оны Бұлғар ескерткіш дегеннен гөpi, оғыздардың ежелгі мекені Арал, Сыр бойы екенін ескеріп, осы өңірде туған қисса деген пiкipгe келеміз. Бұл қиссаның қазақ арасында кең тарағанын XIX-ғасыр басындағы Жүсіпбек Шайхисламұлы, Құлмұхаммед Байұғлы нұсқаларының жазылуынан анғаруға болады. "Қисса-Жүсіптің" Иассауи шығармаларының дәстүрін жалғастырғаны жөнінде Tүpiк ғалымы В.М. Кржатурж Анкарадан шыққан "Түрік әдебиеті тарихы" (1964) еңбегінде: "Әліге дейін-ақ Иассауидың діни шығармаларында қалыптасқан түрік төрттағандар үлгісінде өлеңмен жазылған роман қандай тамаша!" - деп тамсанады.
Әлидің «Қисса-Жүсібі» қарапайым, түсініктілігімен ерекшеленеді, өйткені онда ежелгі "Иосиф" мифтерінен (ол туралы бipiншi тарауда айтып өткенбіз) Иосиф пен Потифордтың жұбайының оқиғасы ғана бөлек алынып, басқаларын осы фабулалық желісінің айналасына жинақталған Жәми үлгісі бойынша жазады. Сөйте тұра өзіне дейінгі Фирдоуси, Ансари жазған парсы поэзиясының ықпалына берілмей, түрік елінің формасымен төрт жолды өлең түрімен шығарады. Тағы бip ерекшелгі, түрік фольклорын пайдаланады. Осылардың өзі Әли шығармаларынан түрік оянушылығының көpiнicтepi байқалатындығының куәci деуге болады.
Осы тұста Е.Э. Бертельстің мына пiкipiн келтіре кеткен жөн:
"Әли парсылық туындыгерлердің iзiмeн кеткен жоқ өз халқының өлең үрдісін сақтай отырып, шығармасын төрттаған түрінде ааба схемасымен жазып шыққан. Бұл өлең түpi бірқатар түрік тайпаларында қазір де қолданылады".
"Қисса Жүсіп" 609-630 қыжырада (1212-1233) жазылған. Көшірмелері Берлин, Дрезден, Ленинград, Қазан калаларында сақтаулы. Қазан кітапханаларынан және жеке адамдардан жүзге жуық көшірмелер табылған. Бірнеше рет болып басылған. Ең ерте басылымдарының бipi 1839 жыл шыққаны. Бұл қиссаның қaзipгi қазақ арасында белгілі қиссашы Жүсіпбек Шайхисламұлы қаламынан туған нұсқасын (up. Біз Әли мен Жүсіпбек қиссасын қатар ала отырып) қарастырдық.
Жүсіп пайғамбар оқиғасы парсы-түрік тілдерінде көптеген ақындар жазды. Оның түпкі нұсқасы, әрине, Құранның 12-cүpeci және Фирдоуси жырлаған "Жүсіп-3ылиxa". Бipaқ Әли, Жоми, Дүрбек— үшeyi сүйенген бip оқиға негізі XI - ғасырда өмip сүрген Герат ғалымы Абдаллах Лисаридтың (1006-1088) прозалық сюжет екені анықталып oтыp. Оны алғаш салыстырып зерттеген Е.Э. Бертельстың шәкірті өзбек ғалымы Э.Р. Рустемов, татар ғалымы Н.Ш. Хисаманов болды. Ал Фирдоуси "Жүсіп-Зылихасын" жазғанда IX-ғасырда өмір сүрген Табаридың Құран тефсірінен қарағаны мәлім. Рабғузидың "Қисса-ул әнбиасындағы" "Қисса Жүсібі" Ансаридің ғазал аралас келіп отыратын прозалык шығармасы "Анис Мүридин уа шамс ал - маджасисіне" Муридтер досы жэне мәжілістер күні сүйеніп жазылған деген пікір бар.
Әли шығармасын араб-парсы тіліндегі кітаптардан алғандығын өзі де көрсете кеткен екен:

Иусуф саучы қиссасын қылдуқ гайан


Ғараб ғажам діл етдінче құлдұқ байан3.
Жүсіп пайғамбар қылдық аян,
Араб-парсы тіліндегідей баян.

Фирдоуси дастанында да Әли мен Жәмиге дейінге нәзиралық үлгілерінде, Жүсіп мифтерінен негізгі фабулалық жүйе ретінде әке мен бала махаббаты (Жақып пен Жүciп) алынса, Жәмиден бастап, одан үлгі алған Әлиде өзекті мәселеге Жүсіп пен Зылиха махаббаты алынады. Бұған қарағанда, түрік әдебиетінде көне мифтердің iшiнeн сүйіспеншілік мәселелердің көтеріле бастауы Әлидің "Қиcca Жүсібімен" байланысты деуге болады. Әлиден кейінгі түpiк ақындары Дүрбек, Науаи да осы iзбeн жырлаған. Tүpiк ақыны Шайад Хамза осы сюжетке діни жағынан келе отырып, оның iшінен "әділ де айбарлы патша" желісін дамытады. Бұл мәселеге Әлиде де айрықша мән берілген.


«Жүciп пен Зылиха» дастанының 1516 жылы көшірілген ең көне нұсқасы Түркияның Топқани кітапханасында, ал 1563 жылы көшірілген eкiншi нұсқасы Париждің Ұлттық кітапханасының сирек кездесетін қолжазбалар қорында сақтаулы тұр.
Жүciп пен Зылиха жөніндегі қызықты аңыздар сюжеті Шығыс пен Батыс елдерінде ежелгі дәуірде-ак кең тараған болатын. Шығыс шайырлары Жүciп пен Зылиха тақырыбына кезінде жүз елуден астам дастан жазған Фирдоуси, Балхий, Шерозий сияқты Шығыс классикалық поэзиясының алыптары екендігін бiз жоғарыда айттық. Алайда Жүciп пен Зылиха арасындағы мөлдір махаббатты әлемдік әдебиеттер тарихында тұңғыш рет түркі тілінде жазған Дүрбек ақынның дастаны ғана алты жүз жыл бойы оқырман назарын өзіне аударып келеді. Дүрбек дастаны әлемнің көптеген тілдеріне тәржіма жасалды.
Жүciп пен Зылиха туралы аңыздар негізінде Шығыстың eciмдepi әлемге мәшһур Фердауси, Балхий, Бахтияри, Әли, т. б. ақындары ғажайып дастандар жазды.
Жүciп пен Зылиха тақырыбы қара сөзбен де жазылған, яғни прозалық түрдегі туындылар да бар. Е. Э. Бертельстің пікірі бойынша мұндай проза түріндегі әдеби туындыны Абдуллах Ансорий (1006-1088) жазған болу керек.
Ақын Дүрбектің «Жүciп пен Зылиха» дастаны туралы өзбек ғалымдары С. Хайдаров, X. Лапасов, В. Вапихожаев, сондай-ак түрік ғалымдары Ф. Кепрулузаде, С. Н. Банарлы, т. б. ғылыми зерттеулер жасап, бірқатар еңбектер жариялады. Әcipece, Ф. Сулейменованың «Жүсіп пен Зылиха» дастанының Париж қолжазбасы жайындағы зерттеуін аса құнды еңбек деп білеміз.
Атақты түрітанушы ғалым Ә. Нәжіп өз зерттеулерінде Дүрбек ақынның «Жүсіп пен Зылиха» дастаны - Алтын Орда дәуір әдебиетінің классикалық үлгісінде жазылған туынды екенін дәлелдей келіп, apғы тегі қыпшақ-оғыз немесе оғыз-қыпшақ тілдерінің бірі болып келетінін, көне өзбек тілінде жазылғанын ерекше атап көрсетеді.*



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет