Жумина Асем Галымовна Тулегенова Сымбат Ержанқызы «Жасушалық биотехнология» пәні бойынша


ДӘРІС 4. АДАМ ЖАСУШАЛАРЫНЫҢ ӨСІРІНДІСІ. ДІҢГЕК ЖАСУШАЛАР



бет10/38
Дата17.09.2023
өлшемі4,2 Mb.
#108308
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   38
Байланысты:
multi-213 x606468403

ДӘРІС 4. АДАМ ЖАСУШАЛАРЫНЫҢ ӨСІРІНДІСІ. ДІҢГЕК ЖАСУШАЛАР
Жоспар:
1. Адам жасушаларының өсірінділер түрлері
2. Эмбрионалды діңгек жасушалар
3. Гемопоэз процесі
4. Діңгек жасушаларды қолдану перспективалары мен мәселелері


1. Адам жасушаларының өсірінділер түрлері
Қазіргі кезде кез келген адам жасушалар өсірінділерін дақылдауға болады. Адам жасушаларын дақылдау арқасында адамның әртүрлі қалыпты және қатерлі ісік ұлпаларының морфологиялық және биохимиялық ерекшеліктері анықталады. Тексерілініп жатқан фармакологиялық өнімнің әсерін бағалауға мүмкіндік береді. Адам жасушаларының өсірінділерін қолдану арқылы геномика, протеомика және транскриптомика салаларында зерттеулер жүргізуге болады. Қазіргі кезде дақылдауға болатын жасушалар спектрі кең болып келеді: фибробласттар (дәнекер ұлпаның элементтері), сүйек пен шеміршек жасушалары, бұлшықет жасушалары, эпителий жасушалары, жүйке жүйесінің жасушалары - (нейрондар), эндокриндік жасушалар, қатерлі ісік жасушалары.
Практикалық жасушалық инженерияда адам фибробласттар өсірінділері кең таралған. Фибробласттардың ыңғайлы зерттеу нысаны ретінде қолдануға мүмкіндік беретін ерекшеліктері:
1. Дақылдау оңай.
2. Фибробласттар адам денесінің маңызды бөлігін құрайтын дәнекер ұлпаның жасушалық элементі болып келеді.
3. Фибробласттар көптеген мүшелердің стромасын құрайды және олардың морфогенезіне қатысады.
4. Фибробласттар арнайы жасушалардың дифференцировкасы мен қызмет етуіне қажетті микроорта үшін барлық жағдайды жасайды.
5. Фибробласттарда моноаминооксидаза ферменті болады.
6. Фибробласттарда глюкокортикоидты гормондар, инсулин мен нейромедиаторларға арналған рецепторлар болады.
7. Фибробласттар өсіріндісін дақылдаған кезде пайда болатын барлық өзгерістер дақылдаудың сәйкес жағдайларын жасаған кезде оңай бақыланады және минимумға келтіріледі.
8. Фибробласттар in vitro адам ағзасындағы жасушаларға тән маңызды қасиеттерін сақтайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет