Журек- тамыр жуйесі ауруларынын фармакотерапиясы. Журек аритмиясы. Аритмияга карсы дарілер Орындаған : Пірзада А



бет6/7
Дата16.02.2023
өлшемі288,54 Kb.
#68290
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Пірзада А

ІІ КЛАСС - БЕТА-АДРЕНОБЛОКАТОРЫ

  • Симпатикалық жүйке жүйесінің тонусы жоғарылағанда (мысалы, стресс, гипертониялық ауру, жүректің ишемиялық ауруы) қанға катехоламиндер, көбіне адреналин бөлінеді. Ол миокардтың бета-адренорецепторларын әсерлендіріп, жүректің электрлік тұрақсыздығына және аритмияның дамуына әкеледі. Бета-адреноблокаторлардың әсер ету механизмі осы рецепторларды тежеу. Сонымен қатар, олар жүректің автоматизмін төмендетеді, жүректің жиырылу жиілігін азайтады.
  • Бета-адреноблокаторлар жүрекшелер фибрилляциясы мен жыпылығында, суправентрикулярлы аритмияның профилактикасында, синусты тахикардияда қолданылады.
  • Ең жиі қолданылатын препараттар – пропранолол мен метопролол.

Бұл препараттарлың жанама әсерлері: миокард жиырылуының төмендеуі, пульстің сиреуі, атриовентрикулярлық тежелу болуы, шеткі қанайналымды нашарлатып, аяқ-қолдарда мұздау болуы мүмкін. Пропранололды қолданғанда бронхоспазм болады. Бета-адреноблокаторлар қант диабетінің ағымын қиындатады, себебі қанда глюкоза деңгейін арттырады. Бұл медикаменттер ОЖЖ-не де әсер етіп, бас айналу, ұйқышылдық, есте сақтаудың нашарлауын, депрессия тудырады. Және бұлшық еттерде ауыру мен әлсіздік сезімі, терілік аллергиялық реакциялар, қанда өзгерістер (агранулоцитоз, тромбоцитопения), ерлерде эректильді дисфункция байқалған.

  • Бұл препараттарлың жанама әсерлері: миокард жиырылуының төмендеуі, пульстің сиреуі, атриовентрикулярлық тежелу болуы, шеткі қанайналымды нашарлатып, аяқ-қолдарда мұздау болуы мүмкін. Пропранололды қолданғанда бронхоспазм болады. Бета-адреноблокаторлар қант диабетінің ағымын қиындатады, себебі қанда глюкоза деңгейін арттырады. Бұл медикаменттер ОЖЖ-не де әсер етіп, бас айналу, ұйқышылдық, есте сақтаудың нашарлауын, депрессия тудырады. Және бұлшық еттерде ауыру мен әлсіздік сезімі, терілік аллергиялық реакциялар, қанда өзгерістер (агранулоцитоз, тромбоцитопения), ерлерде эректильді дисфункция байқалған.

ІІІ КЛАСС – КАЛИЙ КАНАЛДАРЫНЫҢ ТЕЖЕГІШТЕРІ

  • Бұл препараттар калий каналдарын тежеп, жасушада электрлік процестерді бәсеңдетеді. Бұл топтың препараты – амиодарон. Ол калий каналдарынан басқа, адренергиялық және М-холинорецепторлаға да әсер етеді, тиреоидты гормондардың сол рецептормен байланысын бұзады.
  • Амиодаронның қолдану көрсеткіштері: суправентрикулярлы және қарыншалық аритмия, жыпылықты аритмия, Вольф-Паркинсон-Уайт сондромында ритмнің бұзылысы.
  • Препаратты ұзақ уақыт қолданғанда өкпенің интерстициалды фиброзы, фотосенсибилизация, тері түсінің өзгеруі(күлгін-көк түске боялуы), қалқанша бездің қызметі өзгеруі мүмкін, көрудің бұзылысы, бас ауруы, атаксия мен парестезия байқалған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет