77
Б.Б. Динаева және т.б.
оқушыларға лайықты
тиімді дағды екендігі
көрсетілген. Олар әр сөйлеміне баса мән беріп,
ерекше идеяларын жинақтап, баяндауға тырыса
-
ды және бұл істе айтарлықтай шеберлік таныта
-
ды, ал табиғаты шапшаң балалардың жазылым
дағдысы кешеуілдейтіні байқалады.
Оқушының тілді меңгеруін өлшеу барысын
-
да тыңдап ұғу, оқып ұғу, жазып ұқтыру, сөйлесіп
ұқтыру дағдыларын бағалаймыз.
Тілдік дағдылардың ғылымда айқындалған
негізгі төрт түрі бойынша оқушының қазақ тілін
меңгеру деңгейін бағалау өлшемшарттарын
ұсынамыз.
I.
ТЫҢДАЛЫМ
Тыңдалым деп айтылған не техникалық
құралға жазылған мәтінді тыңдаған кезде оның
мазмұнын ұғуын айтамыз. Тыңдалым әрекетінде
есту арқылы түсінгенін, ақпаратты есте
сақтауын анықтауға арналған тапсырма орында
-
лады. Тыңдалым үдерісін естумен шатастырмау
керек. Есту –
дыбысты акустикалық жағынан
қабылдау, ал тыңдалым тек есту ғана емес, соны
-
мен бірге мәтіннің мағынасын ұғу. Оқушының
тыңдалым мәтінін тыңдағандағы мақсаты –
айтылған немесе таспаға жазылған мәтіннің
мазмұнын толық түсініп, талдап, мәтін бойынша
қойылған сәйкес тапсырмаларды орындай білуі
керек. Өз кезегінде мәтіннің мазмұнын басқа
да тыңдаушыға жеткізе білуі тиіс.
Тыңдалым
мәтініндегі берілген тапсырмаларды орындау
арқылы оқушының мәтіннің мазмұнын түсінуін,
қолданылған тілдік бірліктердің мағынасын
ұғуын, грамматикалық сауаттылығын тексере
аламыз.
Достарыңызбен бөлісу: