Орындаған: Жақан Манат Тобы: кя-801 Семей 2019 ж



бет1/6
Дата19.02.2023
өлшемі36,63 Kb.
#69296
  1   2   3   4   5   6

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ
Тақырыбы: «Қазіргі білім берудің негізгі тенденциялары»

Тексерген:
Әлімбаева Арай Қайратқызы

Орындаған: Жақан Манат
Тобы: КЯ-801


Семей 2019 ж
«Қазіргі білім берудің негізгі тенденциялары»
Жоспар:
1.Білім беру.
2. Білім беру парадигмасы.
3.Әлемдік білім беру кеңістігі.
4.Білім беру дамуындағы тенденциялар.
5.Білім беру жүйесі.
6.Жалпы орта білім беру .
1.Білім беру. Білім - қоғамды әлеуметтік, мәдени-ғылыми прогреспен қамтамасыз ететін ғажайып құбылыс, адам үшін де, қоғам үшін де ең жоғары құндылық. Оның ең негізгі қызметі - адамның менталитетін, адамгершілігін, шығармашылық қабілетін қалыптастыру, дамыту. Осыған орай егеменді еліміз өзінің дамуының ең басты алғы шарты - білім беру жүйесінің білім ғасырындағы міндеті мен мазмұнын айқындап берді.
Білім беру сатыларының сабақтастығын камтамасыз ететін білім беру процесінің үздіксіздігі, оқу мен тәрбиенің бірлігі, білім беруді басқарудың демократиялық сипаты, білімнің, ғылымның және өндірістің интеграциялануы, ақпараттануы, оқушыларды кәсіптік бағдарлау, білім беруді саралау, ізгілендіру, гуманитарландыру және т.т. – білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының ғылым және ғылыми-техникалық саясат тұжырымдамасында да ғылымды демократияландыру, интеграциялау, инновациялық процестің білім, ғылым саласында кең өріс алуы да атап көрсетілген.
Білім жүйесін дамыту стратегиясының басты мақсаты – ұлттық білім моделін жасау.
Ұлттық білім үлгісінің негізгі бағыты — адамды қоғамның ең негізгі құндылығы ретінде тану, оның қоғамдағы орны мен рөліне, әлеуметтік жағдайына, психикалық даму ерекшелігіне мән беру, сол арқылы оның рухани жан-дүниесінің баюына, саяси көзқарасының, шығармашылық еркіндігі мен белсенділігінің, кәсіби іскерлігінің қалыптасуына жағдай жасау, мүмкіндік беру. Яғни, XXI ғасырдың маманы – жаратылыстану мен гуманитарлық ғылымдар бойынша ой-өрісі кең, жан-дүниесі бай, ұлттық менталитеті жоғары, кәсіби білікті маман, адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасай алатын, басқаның пікірімен санасатын, кез келген ситуациядан шығудың жолын таба алатын, жауапкершілік сезімі жоғары, қоғамда белгілі бір рөл атқаратын, қайталанбайтын дара тұлға болуы тиіс. Ал мұндай мүмкіндіктің негізі - жоғары білімде. Өйткені жоғары білім – үздіксіз білім беру жүйесінің шешуші тетігі. Сондықтан білімгерді тек маман ретінде ғана қарамай, оны өз қоғамының азаматы, жеке тұлға, келешектің иесі, тірегі ретінде тану, соған мүмкіндік жасау қажет. Ұлттық үлгідегі жаңа парадигманың негізгі бір мәселесі – білімгерге іргелі де терең, тиянақты да жүйелі білім беру. Іргелі білім берудің міндеті – адамды ғылыми ойлауға, болмысты тану, оны қабылдаудың әдіс-тәсілдерін білуге, өзін-өзі дамытуға, өз бетімен білім алуға, ізденуге іштей қажеттілігін туғызу.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет