Журнал жылына 4 рет жарыққа шығады (наурыз, маусым, қыркүйек, желтоқсан) иб №15211



Pdf көрінісі
бет135/181
Дата21.10.2023
өлшемі3,54 Mb.
#120331
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   181
Қорытынды
Қазақстан Республикасының білім беру 
ұйымдарындағы тәрбиенің негізгі мақсаты – 
рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбие 
беру. Баланы алдымен адамгершілік нормаларға 
баули отырып, өзінің елін, жерін сүюге үйрету 
тәрбиенің басы. Ел болашағы саналатын жас 
ұрпақтың бойында азаматтық пен қазақстандық 
патриотизмді қалыптастыру – мемлекеттің 
негізгі нышандары саналатын рәміздерімізді 
құр меттеуге, ұлтымыздың сан ғасырдан бері 
келе жатқан ұлттық мұрасы салт-дәстүрлерімізді 
сыйлауға дәріптеу, әлемдік және отандық 
мәдениет жетістіктерімен таныса отырып, сый-
құрмет танытуға баулу, ата заңымызға және 
қоғамға қарама-қайшы келетін әрекеттерге 
төзбеушілікке тәрбиелеу болып табылады. 
Тәрбиенің бағдары қазіргі өзгермелі қоғамда, 
сан салалы, көп мәдениетті, көп ұлттық ор
-
тада өмір сүруге бейім тұлға қалыптастыруға 
бағытталады. 
Еліміздегі білім беру жүйесіне қатысты 
мәсе лелер Білім беру туралы заң негізінде 
қа рас тырылады.
 
Қазақстан Республикасы
-
ның Білім беру туралы Заңы – республика 
аза мат тарының білім алуға конституциялық 
құқығын қамтамасыз етуге арналған заң. 
1999 жылғы
7 маусымда қабылданған бұл 
Заңда мемлекеттік саясаттың негізгі прин-
цип тері, орталық және түрлі деңгейдегі жер-
гілікті атқарушы органдар арасының білім 
беру саласындағы құзыретін шектеу белгіленген. 
Заңда білім беру саласындағы қоғамдық қарым-
қатынастарды реттейтін, білім процесі субъек-
тілерінің құқылары мен міндеттері, өкілеттілігі 
мен жауапкершілігі анық берілген. Білім беру 
жүйесінің міндеттері көрсетіліп, осы сала 
ұйымдарының ережелері, бағдарламалары мен 
білім деңгейлері айқындалған. Сондай-ақ, білім 
беру жүйесін басқару мен оның экономикасы, 
білім беру саласындағы халықаралық қызметі 
көрсетілген. ҚР-дың білім беру саласында мұнан 
басқа да жекелеген нормативті актілері бар.
Ел президентінің экономиканың өзі білім 
мен ғылымға тәуелді деген баяндамасын оқи 
отырып, дамыған ел болу үшін инновациялық 
өзгерісті де, қаржыландыруды да, реформалау 
мен ғылыми зерттеуді де білім мен ғылым сала
-
сынан бастау керегіне көз жеткіземіз. 
Елдің білім беру жүйесі қарқындап да
-
мып тұрса, оның азаматтарының жағдайының 
мүшкіл болуы мүмкін емес. Халықтың жағдайы 
елдің жағдайының негізгі көрсеткіші. Елімізді 


136
Қазақстан мен әлемнің тәрбие дәстүрлеріне салыстырмалы талдау
дамыған елдердің қатарына қосу мақсатында 
бірнеше ауқымды жұмыстар атқарылды. Оның 
ішінде білім беру жүйесінде де талай рефор-
малар мен бағдарламалар жүзеге асты. Атап 
айтар болсақ, білім мен ғылым үлкен жүйе. 
Оның өзінің объектісі, субъектісі, ұстаным-
дары, заңдылықтары, мақсаты мен міндеті бар. 
Оқушылардың дарынына қарай, қабілеттілік-
теріне қарай оқыту, педагогтардың мәртебесін 
арттыру, мектеп басшылығын тағайындаудың 
жаңа форматы, кәсіби біліктілікті арттырудың 
жаңа инновациялық жолы, ата-аналар жиналы-
сының жаңа үлгісі, мұның бәрі білім берудегі 
негізгі субъектілерге арналған бастама
-
лар. Оқулықтарды сараптау жұмысын тек 
тәуелсіз мамандар атқарады деген өзгеріс, 
мек тептер санын арттыру, интернаттар 
салу, жабдықталған кабинеттер білім беру 
жүйесіндегі объектілерге қатысты енгізіліп 
отырған жаңалықтар болып табылады. Атал
-
мыш жетістіктер еліміз Тәуелсіздік алған 30 
жыл көлемін қамтып отыр. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   181




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет