Журналистика факультеті Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасы



бет9/12
Дата21.12.2023
өлшемі408,2 Kb.
#142424
түріДиплом
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Жауаптары

Жауап берушілер саны

Күніне бірнеше сағат

11

Аптасына 2-3 рет

18

Айына бірнеше рет

41

Оқығанды ұнатпаймын

5

Кесте 1. Оқырмандар жауабы
Үшінші сүрақта кітапты сатып алудағы оқырман назарына ілінетін басты фактор туралы сөз болды.

Көріп отырғанымыздай респонденттердің 73 пайызы басты фактор ретінде кітаптың бағасын алға тартады. Екінші маңызды фактор – мазмұны. Сырты да, суреті де, бағасы да маңызды емес, тек сапалы мазмұннды кітап болса болғаны. Одан кейінгі фактор – оның танымал болуы. Яғни қазіргі сәтте алдыңғы кітап сөрелерінде тұрған басылымдарды 5 пайыз респондент еш ойланбастан алады. Ал қалған екі респондентті кітаптың иллюстрациялық суреттері мен сыртқы мұқабасы аса қызықтырады.


Ал қалған жартысында оқырмандардың өнер туралы кітаптарға көзқарасы мен қызығушылығын анықтау болды. Соның ішінде, «Өнер туралы кітаптың, сіздің ойыңызша, басқа кітаптардан ерекшелігі қандай?» деген сұраққа респонденттер келесідей жауап берді:

Демек, бұл жағдайда жауап берген ресспонденттердің тек 35 пайызы ғана өнер туралы кітапқа қызығатын көрінеді, соның өзінде басым көпшілігі өзі үшін емес, жақындарына алып беру мақсатында іздейді.


Сауалнаманың бесінші әрі ең маңызды дерлік сұрағы оқырмандардың өнер кітаптары туралы ойлайтын ерекшелігін анықтау мақсатында қойылды. Ал соңғы алтыншы сұрақта «Өнер бағытында жарияланған кітаптарды қаншалықты жиі сатып аласыз?» деген сұрақ қойылды.



Бұл жерде басқа кітаптардан өнер туралы кітаптардың ерекшелігі ретінде «мәтіннен гөрі суреттер» көп деген жауап алдыға шықты. Ал бағасына қатысты нұсқаны тек алты респондент таңдады.


Соңғы сұрақта 23 респонлент сатып алғаннан гөрі электронды форматта оқығанды жөн көретінін айтты. Ал 47 адам кітапханадан не таныстарынан уақытша жалға аламыз десе, респонденттің қалған 6,6 пайызы тек жұмысына аса қатты қажет болған жағдайда ғана сатып аламыз деді. Жаңа басылымдар шыққан сайын кітап сөресін жаңартып отыратын оқырмандар саны, өкінішке орай, нөлге тең болды.
Сөйтіп, берілген сауалнаманың жауааптарын талдау барысында біз мынадай қорытындыға келдік: көп оқырмандар үшін кітаптың сапалық мазмұнынан гөрі оның қаржылық тиімділігі үлкен рөл ойнайды. Ал өнер туралы кітаптарға келгенде тек сол саланы меңгерген болмаса сол бағытттың кәсіби маманы өз жұмысына қажет кезде ғана сатып алады, бірақ жай қызығушылықпен ол кітаптарды арнайы барып іздейтін оқырмандар саны тым аз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет