Журналистика факультеті Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасы



бет10/12
Дата21.12.2023
өлшемі408,2 Kb.
#142424
түріДиплом
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

ҚОРЫТЫНДЫ


Қорытындылай келе, өнер туралы кітаптардың ерекшелігін анықтау мақсатында кітап басылымының бастауына жетіп, өнердің даму шегіне шықтық. Өнер туралы кітаптардың өзекті болуы, сұранысқа ие болуы сол бағыттағы өнердің және оны жетелеп келе жатқан өнерлі азаматтардың көп болуына тепе-тең. Сонау 17 ғасырда алғаш өнердің ел арасында белең алып танымал болуы, басқалардың да сол өнерге қызығушылығы алғашқы өнер туралы басылымдардың шығуына тікелей негіз болды. Соның арқасында бүгінгі таңда дизайнерлерге арналған нұсқаулық, музыканттарға арналған нота дәптерлері мен композициялар жинағы, театр мен киноны сүйіп көретіндер үшін қойылымдардың тарихы мен талдауы, спорт саласындағы кітаптар, архитектуралық ғимараттар мен сәулет өнері жайлы толық ақпарат – осының бәрі өнер туралы кітаптардың қатарын көбейтіп келеді. «Фолиант» не «Өнер» баспасынан шығып жатқан көптеген кітаптардың тікелей аударма болуына қарамастан, отандық авторлар мен зерттеушілердің де кітаптары дүкендерде орын берер емес. Яғни, отандық өнер туралы кітаптар сұранысқа ие.
Жалпы, берілген зерттеуде мен өнер туралы кітаптардың өзге басылымдардан ерекшелігін контенттік және салыстырмалы түрде анықтауға тырыстым. Тарихи мәліметтерге үңіле отырып, кітапханадағы және кітап дүкендеріндегі бірнеше кітаптардың анализ жасай отырып, олардың басты ерекшелігі оның мәтінге қарағанда графиканы, иллюстрацияны көп пайдаланатындығында екенін байқадым. 20/80 немесе 30/70 үлеспен мәтін- сурет болып араласқан бұл кітаптар бір жағынан энциклопедиялық басылымдардан еш қалыспайды. Сол саланы меңгеріп келе жатқан жас буынға визуализация формасында білім беру арқылы оның қабілетін арттырып, есінде жақсы сақтауына жол береді.
Сонымен қатар, жұмысты жазу барысында мен Алматы қаласы тұрғындарының ішінен 75 адамды таңдап алып, олармен кішігіріп сауалнама жүргіздім. Оның нәтижесі ретінде өнер туралы кітаптардың өзектілігін, қолжетімділігін және қызық не қызық емес екендігін анықтай алдым. Болашақ зерттеулерде бұл сауалнаманың сұрағын көбейтіп, респонденттер санын арттыра түссе, сапалы әрі қажетті зерттеу болатындығы хақ.
Қазақстандағы өнер туралы кітаптардың саны аз емес, алайда барлық саланы қамтитын жақсы әрі сапалы кітаптар жетерлік деп айту да қиын. Осы орайда зерттеу негізінде мынадай ұсыныстар жасалмақ:

  • Өнер туралы басылымдардың сапалық жағын арттыру мақсатында аударма ісін қадағалау;

  • Отандық иллюстраторлардың жұмысына жүгіне отырып, конттенті жақсы кітаптард шығару;

  • Өнер туралы кітаптарды басып шығаратын баспа үйлерінің санын әрі сапасын арттыру;

  • «100 кітап» секілді мемлекеттік бағдарлама аясында ақсаңдап қалған кейбір өнер саласына қатысты кітаптарды шығару.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет