2.7 Өзіндік бақылау үшін тест тапсырмалар 1. «Жарнама» термині қай тілден шыққан, нені білдіреді?
A) Грек тілінен шыққан, «жарнамалау» дегенді білдіреді.
B) Араб тілінен шыққан, «сөйлеу» дегенді білдіреді.
C)Латын тілінен шыққан, «айқайлап сөйлеу, хабардар ету» дегенді білдіреді.
D) Орыс тілінен шыққан, «жазу» дегенді білдіреді.
E) Ағылшын тілінен шыққан, «жариялау» дегенді білдіреді.
*****
2. Жарнамалық ақпараттың ағымдағы ақпараттан айырмашылығы неде?
A)Жарнама адамға, бір тауарға немесе қызмет түрін пайдалануға насихаттау арқылы әсер ету.
B) Жарнама адамның тауарды пайдалануға сұраныс тудыратын құралы.
C) Жарнамалық ақпарат тез көндіретін тіркестерден тұрады.
D) Жарнамалық ақпарат қоғамның маңызды мәселелерін көтереді.
E) Жарнамалық ақпарат жедел тарайды, шапшаң жылдамдықпен халықты хабардар етеді.
*****
3.Ең алғаш жарнама қай елде пайда болды?
A) Үндістанда.
B) Ұлыбританияда.
C) Египетте.
D)Ресейде.
E) Францияда.
*****
4. Ежелгі жарнама таратушыларды қалай атаған?
A) Жарнамалаушы.
B)Глашатайлер.
C) Клишаттар.
D) Жарнама беруші.
E) Рекламист.
*****
5.Ежелгі Римде жарнамалық жазбалар қайда жазылды?
A) Ағаш тақтайшаларына
B)Папируске
C) Қағазға
D) Оқулықтарға
E) Қабырғаларға.
*****
6.Гуттенберг баспа станогын қай жылы ойлап тапты?
A) 1444ж
B) 1404ж.
C)1450ж.
D) 1478ж.
E) 1449ж.
*****
7.Бенджамин Франклин негізін қалаған «Газетт» басылымы қай жылы жарық көрді?
A) 1777ж.
B) 1778ж.
C) 1729ж.
D)1743ж.
E) 1735ж.
*****
8.Жарнама агенттіктері нешінші ғасырда құрылды?
A) ХХ ғ.
B) ХІХ ғ.
C) ІХ ғ.
D) ХҮІІ ғ.
E) ХХІ ғ.
*****
9.Әлемде ең ірі жарнама агенттігі қай елде орналасқан?
A) Италияда
B) Ұлыбританияда
C) Францияда.
D) Жапонияда
E) Америкада
*****
10.Жарнама агенттіктерінің қызметіне берілетін төлемнің неше әдісі бар?
A) 2
B) 4
C) 8
D) 10
E) 6
*****
11.Алғаш жарнама мәтінімен қоса фотоиллюстрациялар қай жылы пайда болды?
A) 1800ж.
B) 1824ж.
C)1839ж.
D) 1886ж.
E) 1806ж.
*****
12.Директ - маркетинг дегеніміз не?
A) Тұтынушының көңіл-күйін, талабын орындайтын сауда түрі.
B) Тұтынушымен тікелей қатынасқа түсетін сауда қызметі.
C) Тұтынушының тауарға деген сұранысы.
D) Кірістен түсетін пайда.
E) Бір тауарды жарнамалдайтын шаралар.
*****
13.Жарнаманы құрайтын негізгі элементтер?
A) Шрифт пен сурет
B) Графикалық элементтермен дыбыс
C) Сурет пен дыбыс
D) Мәтін мен дыбыс
E)& Мәтін мен сурет
*****
14. Аудиовизуальді жарнамаға нені жатқызуға болады?
A) Кітап, газет, видеофильм (жарнамалық сипаттағы)
B)& Кинофильмдер, видеофильм, слайд-фильмдер
C) Жарнамалық хабарландыру, үгіт насихаттау
D) Интернетті
E) Баспа өнімдері
*****
15.Жәрмеңке дегеніміз...
A) Тауарды өткізу үшін жасалатын іс-шаралар.
B) Айналымға кеткен тауардың шығыны.
C) Тауардан түскен пайда.
D) Тауарды өндіруге жұмсалған ақша.
E) Ұсынылған тауарлар бойынша тиімді сауда келісім-шарттарын жасауға бағытталған коммерциялық шаралар.
*****
16.«Директ мейл» дегеніміз...
A) Тікелей қоғамдардың қатысуымен берілетін жарнама.
B) Белгілі бір аймақта таралатын жарнама.
C) Дыбыспен берілетін жарнама.
D)& Тікелей пошта арқылы берілетін жарнама.
E) Баспасөз арқылы берілетін жарнама.
*****
17.Транспарант дегеніміз не?
A) Үнемі беріліп тұратын жарнама.
B) Жарнаманың мәтіні.
C) Жарнама беруші.
D) Белгілі бір уақытта жарнама.
E)& Мәтіні матаға жазылға сыртқы жарнама.
*****
18.Тауарды қандай принципке байланысты жіктейді?
A) Тауардың өнімділігіне орай
B) Өндірушінің көңіл-күйіне
C)& Салалық және пайдалану әдісі бойынша
D) Тауардың сапалылығына сүйенеді
E) Жіктелмейді.
*****
19.«Паблик рилейшнздің» жарнамадан айырмашылығы неде?
A)& PR ұсынылатын өнімді өндіруші ұйымның қоғаммен байланысын қалыптастырады.
B) PR-дың жарнамадан айырмашылығы жоқ.
C) Астыртын, жасырын түрде тауарды пайдалануға үгіттейді.
D) Тауарды өткізу үшін түрлі алдау-арбау әдістерін пайдаланады.
E) Жанама жарнама жасайды.
*****
20. «Имидж» сөзі қай тілден шыққан, қандай мағына береді?
A) Француз тілінен шыққан, «түр» дегенді білдіреді.
B) Орыс тілінен шыққан, «өзгешелік» дегенді білдіреді.
C) Чех тілінен шыққан, «жаңару» дегенді білдіреді.
D) Түркі тілінен шыққан, «танымал» дегенді білдіреді.
E)& Ағылшын тілінен шыққан «бейне» деген мағынаны білдіреді.
*****
Дұрыс жауаптардың кілттері