Журналистика



Pdf көрінісі
бет1/5
Дата21.01.2017
өлшемі1,26 Mb.
#2415
  1   2   3   4   5

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ 

ЖУРНАЛИСТИКА

ПРАКТИКАЛЫҚ КЕҢЕСТЕР


«Экологиялық журналистика. Практикалық кеңестер» 

нұсқаулығын жасау ЕҚЫҰ Астанадағы Орталығының 

қаржылық қолдауымен жүзеге асырылды. 

Нұсқаулықтың мазмұны донордың жеке көзқарасын 

білдіруі міндетті емес. 

Редакторы: Игорь Братцев

Дизайнер/беттеуші: Светлана Грудницкая

Аудармашы: Дінмұхамед Зиядин, Сәния Әбдіғапар


КІРІСПЕ

4

5

19

30

45

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ 

АҚПАРАТТАРҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗУ 

ҚҰҚЫҒЫН ІСКЕ АСЫРУДАҒЫ 

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ШАҚЫРТУЛАР 

МЕН БАҚ-ТЫҢ РӨЛІ

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ 

МӘСЕЛЕЛЕРІН ЖАЗУ ҮШІН 

ТІЛШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН 

ПРАКТИКАЛЫҚ КЕҢЕСТЕР

ІСКЕРЛІК БАСЫЛЫМДАРДАҒЫ 

ЭКОЛОГИЯ ТАҚЫРЫБЫ

ЭКОЛОГИЯ ТАҚЫРЫБЫНДА 

МАҚАЛА ЖАЗУДА 

МУЛЬТИМЕДИАЛЫҚ 

ОЙЛАУДЫ ДАМЫТУ



Қазіргі  таңда  Қазақстан  ақпарат  айдынында 

экологиялық мәселелерге қатысты жазылған ма-

териалдар  жеткіліксіз.  Оның  бірнеше  себептері 

бар.  Көп  жағдайда  экология  тақырыбында  жа-

затын  журналистер  оқиғаны  суреттеумен  не-

месе интернеттегі мақалаларды аударумен ғана 

шектеледі.  Қызықты  тақырыптарды  табу,  түрлі 

пікірлерді жинақтау, болған оқиғаға қорытынды 

жасау, сондай-ақ, статистиканы және тарихи ма-

териалдарды қолдану жағы жетпей жатады.

 

Экология  тақырыбында  қалам  тербейтін 



журналистердің  көбі  ақпарат  көздерін,  өзекті 

тақырыптарға  қатысты  пікір  айтатын  сарап-

шыларды  дұрыс  таңдай  алмайды.  Сондай-ақ, 

арнайы  дайындықтары  жоқ.  Көп  жағдайда 

Қазақстандық 

мемлекеттік 

мекемелермен, 

халықаралық ұйымдармен тиімді байланыс ор-

ната алмай жатады.

Авторлардың ойынша, бұл нұсқаулық, аталмыш 

мәселелерді шешуде өз пайдасын тигізуі қажет.

 

«Экологиялық  журналистика.  Практикалық 



кеңестер»  нұсқаулығы    Астанадағы  ЕҚЫҰ  Орта-

лығының  қолдауымен  Қазақстанда  өткізілген 

экологиялық  журналистика  бойынша  ар-

найы  жоба  негізінде  жасалды.  Қазақстанның 

төрт  қаласында,  Атырау,  Шымкент,  Павлодар, 

Қарағандыда, экология мәселелері бойынша жа-

затын  журналистерге  арналған  арнайы  мастер 

класстар мен тренингтер өткізілді. Жүргізушілер 

мен тренерлер ретінде тәжірбиелі қазақстандық 

және  шет  елдік  журналистер,  тәуелсіз  сарап-

шылар,  сондай-ақ,  азаматтық  қоғам  өкілдері 

қатысты.


Басылымда  қазақстандық  және  шет  елдік 

журналистердің,  сарапшылардың  тәжірбиелері 

жинақталған.  Ақпарат  көздері  ұсынылған. 

Сондай-ақ,  әр форматта мақала жазу жолдары 

көрсетілген. Нұсқаулыққа енгізілген практикалық 

кеңестер  көптеген  мәселелерді  көтеруде  тап-

тырмас көмек құралы бола алады.

Нұсқаулық  авторлары  бұл  еңбек  журналисти-

ка  факультетінің  студентеріне,  практик-журна-

листерге,  оқытушыларға,    сонымен  қатар,  осы 

салаға  қызығушылығы  бар  мамандарға  көмегі 

тиеді деп үміттенеді. 

КІРІСПЕ


5

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ 

АҚПАРАТТАРҒА ҚОЛ 

ЖЕТКІЗУ ҚҰҚЫҒЫН 

ІСКЕ АСЫРУДАҒЫ 

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ 

ШАҚЫРТУЛАР МЕН 

БАҚ-ТЫҢ РӨЛІ



6

Қоршаған орта саласына байланысты негізгі тер-

миндер:

қоршаған  орта

  -  атмосфералық  ауаны,  жердiң 

озон қабатын, жер бетiндегi және жер астындағы 

суларды,  жердi,  жер  қойнауын,  өсiмдiктер 

мен  жануарлар  дүниесiн,  сондай-ақ  олардың 

өзара  iс-әрекетiнен  туындайтын  климатты  қоса 

алғанда,  табиғи  және  жасанды  объектiлердiң 

жиынтығы;



қоршаған  ортаны  қорғау

  -  қоршаған  орта-

ны  сақтау  мен  қалпына  келтiруге,  шаруашылық 

және  өзге  де  қызметтiң  қоршаған  ортаға  терiс 

әсерiн  болғызбауға  және  оның  зардаптарын 

жоюға бағытталған мемлекеттiк және қоғамдық 

шаралар жүйесi;

қоршаған  ортаның  ластануы

  -  қоршаған 

ортаға  ластаушы  заттардың,  радиоактивтi 

материалдардың,  өндiрiс  және  тұтыну  қалдық-

тарының түсуi, сондай-ақ шудың, тербелiстердiң, 

магнит  өрiстерiнiң  және  өзге  де  зиянды 

физикалық әсерлердiң қоршаған ортаға әсерi;

қоршаған  ортаға  келтiрiлетiн  залал

  -  табиғи 

ресурстардың  жұтаңдануы  мен  сарқылуын  не-

месе тiрi организмдердiң қырылуын туындатқан 

немесе  туындататындай  етiп  қоршаған  ортаны 

ластау  немесе  табиғи  ресурстарды  белгiленген 

нормативтерден артық алу;

қоршаған 

ортаны 

қорғау 

саласындағы 

уәкiлеттi орган

 - қоршаған ортаны қорғау және 

ГЛОССАРИЙ

Бұл бөлімде Қазақстан Республикасы 

қоршаған ортаны қорғау жүйесінің негізгі 

компоненттері, терминдері және жұмыс 

барысы қысқаша баяндалады. Сонымен қатар, 

экологиялық ақпараттарды табу және 

сараптау жолдарына байланысты кеңестер 

беріледі.

Марат Шибутов, сарапшы, 

Қазақстандағы шекаралық 

ынтымақтастық қауымдастығы


7

табиғат пайдалану саласындағы мемлекеттiк са-

ясатты  әзiрлеу  мен  iске  асыру  мәселелерi  бой-

ынша басшылықты және салааралық үйлестiрудi 

жүзеге  асыратын  орталық  атқарушы  орган, 

сондай-ақ оның аумақтық органдары;



экологиялық  сараптама

  -  көзделiп  отырған 

шаруашылық және өзге де қызметтiң қоршаған 

орта 


сапасының 

нормативтерiне 

және 

экологиялық  талаптарға  сәйкестiгiн  белгiлеу, 



сондай-ақ осы қызметтiң қоршаған ортаға тигiзуi 

мүмкiн  қолайсыз  әсерлерiнiң  және  олармен 

байланысты әлеуметтiк салдарлардың алдын алу 

мақсатында  экологиялық  сараптама  объектiсiн 

iске асыруға жол берiлуiн айқындау;

мемлекеттiк  экологиялық  бақылау

  -  уәкiлеттi 

органның  өз  құзыретi  шегiнде  қоршаған  орта-

ны  қорғау  саласындағы  Қазақстан  Республи-

касы  заңдарының,  Қазақстан  Республикасы 

Президентi  жарлықтарының  және  Қазақстан 

Республикасы  Үкiметiнiң  қаулыларының  талап-

тарын  жеке  және  заңды  тұлғалардың  сақтауын 

қамтамасыз етуге бағытталған қызметi;

шаруашылық  және  өзге  де  қызметтiң 

экологиялық  қауiптi  түрi

  -  нәтижесiнде 

қоршаған  ортаны  авариялық  ластайтын  неме-

се  ластауы  мүмкiн  жеке  және  (немесе)  заңды 

тұлғалардың қызметi;

экологиялық аудит 

- аудиттелетiн субъектiлердiң 

шаруашылық және өзге де қызметiн экологиялық 

тәуекелдердi анықтау мен бағалау және олардың 

қызметiнiң экологиялық қауiпсiздiк деңгейiн арт-

тыру жөнiнде ұсынымдар әзiрлеуге бағытталған 

тәуелсiз тексеру;

экологиялық  рұқсат

  -  жеке  және  заңды 

тұлғалардың  қоршаған  ортаға  эмиссияларды 

жүзеге  асыру  құқығын  куәландыратын  құжат; 

(ҚОҚМ тарапынан беріледі);

қоршаған  ортаға  эмиссиялар 

-  ластау-

шы  заттардың  шығарындылары,  төгiндiлерi, 

қоршаған  ортада  өндiрiс  және  тұтыну 

қалдықтарын  орналастыру,  зиянды  физикалық 

әсер  ету,  күкiрттi  қоршаған  ортада  ашық  түрде 

орналастыру және сақтау;

қоршаған  ортаға  эмиссияларға  арналған  ли-

миттер 

-  қоршаған  ортаға  белгiлi  бiр  мерзiмге 

белгiленетiн эмиссиялардың нормативтiк көлемi;

эмиссиялар нормативтерi

 - қоршаған орта са-

пасы  нормативтерiнiң  сақталуын  қамтамасыз 

етуге жол берiлетiн эмиссиялар көрсеткiштерi;



қауiптi қалдықтар

 - құрамында қауiптi қасиеттерi 

(уыттылығы,  жарылыс  қаупi,  радиоактивтiлiгi, 

өрт  қаупi,  жоғары  реакциялық  қабiлетi)  бар 

зиянды  заттарды  қамтитын  және  дербес  неме-

се  басқа  заттармен  қосылған  кезде  қоршаған 

ортаға және адамның денсаулығына тiкелей не-

месе ықтимал қауiп төндiретiн қалдықтар;



қауiпсіз  қалдықтар

  -  қауiптi  қасиетi  жоқ 

қалдықтар.


8

Журналистің  басты  міндеті  -  нақты,  дәйекті 

экологиялық ақпарат табу. Сол себепті, ақпаратты 

қайдан, кімнен және қалай алуда журналистің өз 

құқығын білуі аса маңызды.

Орхус конвенциясы

Орхус  конвенциясы  –  «Ақпаратқа  қол  жеткізу, 

шешімдер  қабылдау  процесіне  жұртшылықтың 

қатысуы  және  қоршаған  ортаға  қатысты 

мәселелер  бойынша  сот  әділдігіне  қол 

жеткізу»  туралы  БҰҰ  Еуропалық  экономикалық 

комиссиясының конвенциясы.

Конвенцияның  мақсаты  –  қоршаған  орта  мен 

адам  денсаулығының  құқықтық  қорғалуына 

көмек  жасау,  қоршаған  ортаға  байланы-

сты  соттық  шешім  қабылдау  мен  іс-жүргізу 

процестеріне қатыса алуға мүмкіндіктер туғызу. 

Конвенцияның негізгі талаптары:

Ақпаратқа 



қолжетімділік 

(Ақпаратқа 

сұраныс берген тарапты кез-келген қажетті 

ақпаратпен қамтамасыз ету);

Қоғамды интернет кеңістігі арқылы үздіксіз 



ақпаратпен қамтамасыз ету;

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ 

АҚПАРАТТАРДЫ ТАБУ МЕН 

ҚОЛДАНУ ЖОЛДАРЫ

Ақпарат  таратуда  оған  деген  қоғамның 



қызығушылығын анықтау;

Сұралған  ақпарат  мекемеде  жок  болған 



жағдайда,  сұранысты  қанағаттандыра  ала-

тын басқа мекемеге сілтеме көрсету;

Адам денсаулығына және қоршаған ортаға 



қауіп-қатер  төнген  жағдайда  тез  арада 

қоғамды ақпараттандыру.

2009  жылы  Орхус  конвенцияны  іске  асы-

ру  мақсатында  қоршаған  ортаны  қорғау 

министрлігінің  қолдауымен  «ҚР  қоршаған 

ортаны 


қорғау 

ақпараттық-сараптамалық 

орталығында» 

төмендегідей 

міндеттерді 

атқаратын Орхус орталығы құрылды.

жеке және заңды тұлғаларға сұранымдары 



бойынша экологиялық ақпараттар ұсыну;

мерзімді  баспасөз  беттерінде  мақалалар 



жариялау,  теледидар  және  радио  арқылы 

ақпарат  тарату,  жарнама  беру,  қоғамдық 

экологиялық  тыңдалымдарға  ақпараттық 

қолдау көрсету;

Орхус  орталығының  веп-порталына  (www.



aarhus.kz.)  экологиялық  ақпараттарды 

енгізіп отыру. 



9

Экологиялық ақпараттардың 

дерек көздері

Экологиялық  ақпараттардың  негізгі  дерек 

көздері:

Ғылыми экологиялық зерттеулердің қорытын-



дылары

Табиғатты тұтынушылардың есебі (статистика-



лық мәліметтер, экологиялық бақылау өндірі-

сінің жауаптары)

Жобалардың қоршаған ортаға әсерін бағалау



Мемлекеттік  экологиялық  мониторингтің 

мәліметтері

Экологиялық аудиттің мәліметтері



Қоршаған ортаны қорғау бағдарламасы және 

түрлі аймақтық жобалар 

Табиғатты қорғауға байланысты өткізілетін іс-



шаралар жобасы

Қоғамдық тыңдау

Қоғамдық  тыңдау  -  қоршаған  орта  жағдайын 

анықтау  және  көпшілік  пікірін  білу  мақсатында 

жүргізілетін тыңдау түрі. 

Қоғамдық  тыңдауда  жоба  алдында  және  жоба 

барысында  туындаған  қоршаған  ортаға  және 

адам  денсаулығына  айтарлықтай  әсер  ететін 

ҚОӘБ  қорытындылары  ұсынылады.  Олар 

мөлшері,  жиілігі  және  даму  барысы  бойынша 

есептеледі. 

Қоғамдық тыңдау шараларының қатысушылары 

ретінде қызығушылық танытқан қоғам мүшелері, 

әлеуметтік  және  үкіметтік  емес  ұйымдар 

өкілдері, жергілікті атқарушы органдар мен БАҚ 

өкілдері қатысуы мүмкін.

Қоршаған  ортаға  әсер  ету  мәселелері  талқы-

ланатын қоғамдық тыңдауларды басқару, шару-

ашылық,  инвестиция  және  басқа  саладағы 

жұмыстарды  тапсырыс  беруші  (бастамашы) 

ұйымдастырады.

Тапсырыс беруші жергілікті атқарушы органдар-

мен  бірлесе  отырып  қоғамдық  тыңдаудың  өту 

уақыты  мен  өту  орнын  келісіп,  БАҚ-та  хабар-

ландыру жариялайды. Хабарландыру қоғамдық 

тыңдауға  20  күн  қалғанда  қазақ  және  орыс 

тілдерінде жарияланады.

Хабарландыруда ҚОӘБ туралы толық мәліметтер 

беретін  мекеменің  толық  мекен  –  жайы 

көрсетіледі.

Хабарландыру 

берілген 

күннен 


бастап 

тапсырыс  беруші  ҚОӘБ  жобасы  бойын-

ша 

қоғамдық 



тыңдауға 

қатысушыларды 

ақпаратпен  қамтамасыз  етеді.  Сонымен  қатар, 

қатысушыларды  қабылдаумен,  өтініштері  мен 

ұсыныстарын  тіркеумен  айналысады.  Тапсырыс 

берушінің  міндетіне  баяндамаларды,  сұрақ-

жауаптарды, кіріспе сөздерді жинақтау жатады. 

Кей  жағдайда,  аудио  және  видео  жазбалармен 

айналысуы да мүмкін. 

Қоғамдық тыңдаудың қорытындысы төраға мен 

хатшының қол қоюы арқылы, қоғамдық тыңдау 

хаттамасында  бекітіледі.  Хаттама  көшірмесінің 

бір  данасы  жергілікті  атқарушы  органға  тапсы-

рылады.


Тапсырыс 

беруші 


қоғамдық 

тыңдаудың 

нәтижелерін  қорытындылап,  қоғам  пікірін 

негізге  ала  отырып  жобаға  өзгерістер  мен 

толықтырулар енгізеді.

Тапсырыс  беруші  мемлекеттік  экологиялық 

бақылауға  қоғамдық  тыңдау  хаттамасы  мен 

қоғамдық  пікірді  негізге  ала  отырып  жасалған 

ҚОӘБ  жобасының  нәтижелерін  ұсынады.  Олар 

Қазақстан  Республикасы  нормативті  құқықтық 

актілері негізінде жасалады.


10

Қоғамдық  тыңдаулардың  өткізілуі  қатысу-

шылардың  санына  байланысты  емес.  Ол 

белгіленген уақытта міндетті түрде өткізілуі тиіс. 

Қаржылық,  материалдық-техникалық  және 

ақпараттық  қамтамасыз  ету  мақсатында 

жұмсалған  шығындар  тікелей  тапсырыс  беруші 

тарапынан төленетін болады.



Ақпаратты қайдан қарау керек? 

Экология  тақырыбындағы  ақпаратты  төмендегі 

сайттардан табуға болады:

Қоршаған  ортаны  қорғау  министрлігінің  рес-

ми  сайты  (www.eco.gov.kz).  Мемлекеттік  сая-

сат,  статистикалық  мәліметтер,  «Казгидромед» 

ұсынған  мәліметтер,  қоршаған  ортаны  қорғау 

бойынша  іске  асырылған  жобалар,  құқықтық 

негіздер.

Экологиялық  бақылау  комитетінің  сайты  (www.

ecokomitet.kz). Мемлекеттік бақылау нәтижелері, 

рұқсаттар  мен  лицензияларды  алу  үлгілері, 

мен  жарияланымдар  және  барлық  Комитет 

бөлімшелерінің мекен-жайлары.

Ұлттық  Орхус  орталығының  ресми  сайты 

(www.aarhus.kz).  Экологиялық  жағдай  туралы 

ақпараттар жиынтығы. Көбіне қоршаған ортаны 

қорғау министрлігінің сайтынан көшіріліп басы-

лады.  Қоршаған  ортаны  қорғау  тақырыбында 

жазылған  мақалалар,  қоғамдық  тыңдаулардың 

өткізілуі  туралы  хабарламалар,  құқықтық 

негіздер  мен  экологиялық  бірлестіктер  сайтта-

рына сілтемелер.

«Экоинфоправо»  сайты  (www.ecoinfo.iacoos.

kz)  900-ден  астам  нормативтік  құжаттар 

жинақталған.  База жиі жаңартылады.

 

ҚР  табиғат  ресурстарының  мемлекеттік  кадас-



трлары  тізімі  де  бар  (http://193.225.78/).  Мұнда 

жануарлар  әлемінің  кадастрлық  бөлімі,  ор-

ман  фонды,  ерекше  қорғалатын  аймақтар  мен 

балық аулау шаруашылығы аймақтары жайында 

мәліметтер алуға болады.

Сұрақтар кімге жолданады? 

Кімнен қосымша пікір алуға 

болады?

Сұрақ  қою  төмендегі  талаптар  бойынша 

жүргізілуі керек:

1.  Сұраққа  жауап  беретін  мемлекеттік 

мекемені анықтау (4.2. бөлім)

2.  Экология тақырыбында ақпарат тарататын 

сайттарды үнемі назарда ұстау (2.4. бөлім)

3.  Ақпаратқа «сұраныс» жазу 

4.  Мекеме  ақпарат  беруден  бас  тартқан 

жағдайда экологиялық бақылау комитетіне 

хабарласу

5.  Аналогиялық сұрақтар бойынша сарапшы-

лар  немесе  жоғары  дәрежелі  мамандар 

көмегіне жүгіну

6.  Қоршаған  ортаны  қорғауға    байланысты 

сұрақтарға  жауап  бере  алатын  жоғары 

дәрежелі  мамандарды  ғылыми  кәсіпорын 

немесе 


Қоршаған 

ортаны 


қорғау 

министрлігінің    лицензиясы  бар  арнайы 

мекемелерден  іздеу  керек.  Мысалы,  «жа-

сылдар»  деп  аталатын  қоғамдық  сектор 

әлеуметтік пікірді білдірумен айналысады. 

 


11

Қоршаған ортаға тиетін әсерлер 

мен олардың түрлері

Қоршаған ортаға әсер етуді саралауда төмендегі 

жағдайларды ескеру керек:

Тікелей  әсер  ету  –  жобаланған  объектінің 



орналасу аймағымен тікелей байланысты.

Жанама  әсер  ету  –  жобаны  іске  асы-



ру  барысында  пайда  болатын  қосымша 

әрекеттердің әсерінен туындайды.

Жинақталған  әсер  ету  –  бұрынғы,  қазіргі 



және болуы ықтимал өзгерістердің әсерінен 

туындайтын өзгерістердің әсер етуі.

Қоршаған 

ортаның 


әсерін 

анықтауда 

төмендегі  жағдайлар  басты  назарға  алына-

ды:  атмосфералық ауа, жер асты және жер үсті 

сулары,  су  қоймалары,  жер  ресурстары  мен 

топырақ  қабаттары,  өсімдіктер  мен  жануар-

лар  әлемі,  экологиялық  жүйелердің  жағдайы, 

тұрғындардың  денсаулық  жағдайы,  халықтың 

әлеуметтік жағдайы (білімі, қызметі).

Қоршаған  ортаға  сыртқы  күштерден  келетін 

әсерлерді сараптауда адам денсаулығына пайда-

лы және зиянды жақтарын анықтау керек.

АДАМНЫҢ ТАБИҒАТҚА ӘСЕРІ 

Динамика мен мөлшердегі есептің 

қажеттілігі

Экологиялық  сараптамалар  жүргізу  бары-

сында  оған  жиналған  қалдықтардың  жылдық 

мөлшерлемесін  білу  керек.  Мысалы,  Нұра 

өзеніне  көптеген  жылдар  бойы  сынап 

қалдықтары  жиналып  келген.  Қазіргі  уақытта 

тазарту  жұмыстары  жүргізіліп  жатыр.  Алай-

да,  сынап  қалдықтары  шамадан  тыс  мөлшерде 

жиналғандықтан, олар «тарихи ластанулар» де-

ген атқа ие болып отыр. Сонымен қатар, мұнай 

өндірісінде  мұнай  қалдықтарын  өзенге  тастау 

жиі  орын  алуда.  Ластану  динамикасын  ауызға 

алғанда,  бұл  факторды  баса  назарға  алу  аса 

маңызды. 

Кез келген ластану түрін сипаттағанда, олардың 

таралу аймағын білу керек. Табиғат өзін өзі та-

зарту  қабілетіне  ие,  сондықтан  таралу  көзін 

анықтау  ластануды  азайтуға  өз  септігін  тигізеді. 

Сондай-ақ, кез келген қоршаған ортаның ласта-

нуы  қысқа  уақыт  аралығында  өзгеріп  тұратын 

көптеген факторлармен тікелей байланысты. 


12

Қоршаған ортаның ластану 

қауіптілігі

 

Қоршаған ортаның ластану қауіптілігі мен ортаға 

тигізетін  әсері  ластаушы  заттар  мен  ластану 

индексінің Шекті рұқсат етілген концентрациясы 

(ШРК) арқылы өлшенеді. 

Шекті рұқсат етілген концентрация (ШРК)

(ШРК)  –  бұл  бекітілген  санитарлық-гигиеналық 

мөлшерлеме.  Химиялық  элементтер  жиынтығы 

мен  олардың  қоршаған  ортамен  байланы-

сы  күнделікті  өмірде  ұзақ  уақыт  бойында 

адам  ағзасына  патологиялық  өзгерістер  алып 

келмейді.  Сондай-ақ,  заманауи  зерттеу  әдістері 

орнатқан,  өскелең  ұрпақ  кез  келген  жасында 

шалдығуы мүмкін ауруларды айтуға болады. Зи-

янды факторлардың таралу аумағы ШРК есебінен 

анықталды.  Мысалы,  белгілі  бір  аймақта  жүру 

(өнімді тұтыну) адам үшін қауіпсіз болуы мүмкін.

Ауа,  су,  жер,  азық-түліктерге  ШРК  орнатылады. 

Жұмыс  аумағын  өлшеу  арқылы  ауаға  арналған 

(мекеме аумағы үшін) ШРК және жергілікті ме-

кендерге  арналған  ШРК    жасалады.  Ал  су  үшін 

ШРК  балықшаруашылығына  арналған  су  және 

шаруашылықта  ішуге  жарайтын  су  болып  екі 

топқа бөлінеді.

ШРК  әсер  ету  уақыты  максималды  бір  реттік 

(яғни бір өлшем бойынша) және тәуліктік орташа 

(тәулік бойы өлшем жиынтығы) болып бөлінеді. 

Ластаушы  заттардың  әсері  қысқа  уақытқа  ғана 

созылып,  қоршаған  ортаға  айтарлықтай  қауіп 

алып келмеуі мүмкін. Сол себептен максималды 

бір реттік өлшем екіншіге қарағанда қауіпсіздеу. 

Ал,  тәуліктік  орташа  өлшем  көрсеткіші  аса 

маңызды. Себебі, ұзақ уақытқа созылған ластану 

адам ағзасына кері әсер етеді.

Ластану индекстері

Ауада  және  суда  25-тен  астам  түрлі  ластау-

шы  заттар  кездеседі.  Табиғат  объектісінің  ла-

стану  деңгейін  анықтау  мақсатында  ластану 

индексі  енгізілді.  Оны  анықтау  үшін  ластау-

шы  заттардың  белгілі  көрсеткіштері  таңдалып 

(5,7,10,25), олардың құрамдары жазылады. Одан 

кейін ластаушы заттың құрамы берілген заттың 

ШРК-а  бөлінеді.    Осылайша  барлық  заттардың 

ластану  индекстері  анықталған  соң,  әр  түрлі 

көрсеткіштер  бойынша  салыстырылады.  Мы-

салы,  атмосфераның  ластану  индексі  5  болса, 

ауаның  ластану  қауіптілігі  төмен  деп  есептеуге 

болады. Ал ластану индексі 7 мен 14 аралығын 

көрсетсе, қауіптілік деңгейі жоғары.

Әсерлерді бағалау әдістемесі 

Қоршаған ортаға төнетін қауіпті анықтау бірнеше 

кезеңнен тұратын зерттеуден соң орнатылады:

1.  Жұмыс  кезеңі  мен  қоршаған  орта 

компоненттеріне  әсер  етуші  факторлар-

ды анықтау. Мысалы, құрылыс жұмыстары 

кезінде  жердің  жоғарғы  қабатының 

зақымдалуы,  жердің  беткі  қабатының 

тығыздалуы, қоқыс салдарынан ауаның ла-

стануы және т.б.

2.  Әсер етуші факторлар бойынша масштабы, 

уақыты, қарқындылығы анықталады.   

Әр  көрсеткіш  шкала  бойынша  бағаланады. 

Көрсеткіштердің қорытындысы сыртқы күштер-

дің қоршаған ортаға әсерін көрсетеді.


13



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет