Жусупова д. Ж


Бағалау  –  оқу  сапасын  диагностикалау  және  мониторинг  жасау



Pdf көрінісі
бет38/68
Дата07.01.2022
өлшемі1,67 Mb.
#18448
түріПрактикум
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   68
Бағалау  –  оқу  сапасын  диагностикалау  және  мониторинг  жасау 
бөлігі ретінде. 
Критериалды бағдарлы көзқарастың қолданылуы білімділік жетістік-
терін  бағалаудың  объективтілік  және  сенімділік  нәтиже  деңгейін  айтар-
лықтай арттырады. Заманауи мектепте білім алушылардың білімділік же-
тістіктерін  бағалауға  критериалды  көзқараспен  келу  талапқа  ие,  себебі 
ондай көзқарас білім беру процесінің барлық қатысушыларына өлшенетін 
критерийлерді және білім беру нәтижелерін көрунәтижесіне мүмкіндік бе-
ретін кері байланысты орнатуға көмегін тигізеді.Бағалау жүйесінің маңыз-
ды сипаттамасы қатарында оның тек баға қою кезінде ғана қолданылмай, 
мұғалім, білім алушылар және ата-аналар арасында білім беру процесінің 
сәттілігі бойынша қадағалаушы-диагностикалықбайланысты тұтас жүзеге 
асырады. Мүмкіндіктері шектеулі балалардың білімділік жетістіктерін ба-
ғалауда  бағалау  жүйесі  осындай  балалардың  оқудағы  жетістіктерін  ғана 
объективті көрсетіп қоймай, мүмкіндіктері шектеулі балаларды білім беру 
процесінде қолдау бойынша келесі әрекеттердің жоспарын құру үшін не-
гіз  болуы  тиіс.  Бағалау  жүйесі  білім  беру  процесінің  сапасын  анықтауға, 
оқудағы  стратегия  және  тактика  бойынша  түбегейлі  шешімдері  қабыл-
дауға, білім беру мазмұнын да, күтілетін нәтижелерді бағалау нұсқаларын 
да жетілдіруге мүмкіндік беретін оқу жетістіктерін өлшеу және оқу қиын-
дықтарын диагностикалаудың негізгі құралы болып табылады. Мүмкіндік-
тері  шектеулі  балалардың  білімділік  жетістіктерін  бағалауда  алған  нәти-
желердің және ерекше білімділік қажеттіліктері бар балаларды оқытудағы 
жоспарланған мақсаттардың арақатынасы мәнді болады. 
Бағалау  критерийлері  бойынша  балдар.  Бағалау  жүйесі  тұтастай 
алынған  білім  беру  үрдісінің  неғізіне  алынған  принциптерді  қамтиды. 
Бағалау  жүйесі 
– 
мектептегі  білім  беру  кеңістігінің  басты  кіріктірілген 


50 
факторы,  оқытудағы  мәселелерді  болжайтын  және  кері  байланысты  жа-
сайтын негізгі құрал болып табылады. Бағаның басты мақсаты – оқушыға 
өзінің  табыстарын  және  мәселелерін  тіркеуге  көмектесу,  өзінің  мықты 
тұстарын  және  өсу  мүмкіндігін  анықтау.  Қазіргі  уақыттарда  мектептерде 
көптеген мұғалімдер нәтижелері бар дәстүрлі бесбалдық жүйені пайдала-
нады. Оқу себептері, оқушының мұғаліммен арасындағы байланыс бұрма-
ланады, балалардың қозғыштығы жоғарылауда, оқушының мектептегі та-
быстарының динамикасы шынайы қадағаланбайды. Көрсетілген мәселерді 
жою  үшін  бағалау  жүйесін  өзгерту  керек,  жаңа  және  сапалы  бағалау 
түрлерін пайдалану керек. 
Бағалау жүйесі сапасы – бұл оқыту мәселелерін болжаудың және же-
тістіктерін  өлшеудің  негізгі  құралы.  Бұл  құрал  білім  берудің  сапасын, 
оның  әлемдік  стандарттарға  сәйкестігін  анықтауға,  білім  беру  саласын-
дағы  заманауи  міндетіне  сәйкес  болмаған  жағдайда  оны  білім  беру  стра-
тегиясы мен тактикасы бойынша түбегейлі шешімдерді қабылдауға, білім 
берудің мазмұнын, білім берудің күтілетін нәтижелерін бағалаудың түрле-
рін де жетілдіруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар бағалау
 – 
алынған нә-
тижелерді  және  жоспарланған  мақсаттарды  салыстыру  үрдісі.  Қазіргі 
уақытта барлық деңгейлердегі жетекші мамандар мен басшылар педагоги-
калық  бақылаудың  аспаптық  құралдарымен  жабдықталмаған.  Мектептер 
(әдіскерлер) бақылау және қадағалау аспаптарын және құралдарын өз бе-
тінше жасайды. Мұндай құралдардың мазмұны мен құрылымы зерттеліне-
тін нысанның ерекшеліктеріне, түрлеріне және қадағалау мен бақылаудың 
әдістеріне  байланысты  анықталады.  Мұндай  құралдардың  және  сапасы 
нақты  тексерілмейді.  Нәтижесінде  басшылық  тарапынан  білім  беру  үрді-
сін бақылау нәтижелері бойынша қандай да бір нақты шешімдерді қабыл-
дауда мәселелерді туындатады. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет