Жқз мәліметтерін өҢдеуге арналған бағдарламалар



бет3/4
Дата30.09.2024
өлшемі1,01 Mb.
#146146
1   2   3   4
Байланысты:
Лекция 10 АФР каз

ENVI және ERDAS картографиялық өңдеу жүйелері

Жоғарыда аталған өңдеу бағдарламаларымен ғарыштық түсірістерді өңдеуге арналған құралдар тобы шектеліп қалмайды, солардың бірі ENVI (the Environment for Visualizing Images – көріністерді бейнелейтін орта) және ERDAS жүйелері. ENVI – жерсеріктік мәліметтерді қолданушы көптеген тұтынушылардың талаптарын ескере отырып жасалған бағдарлама. ENVI түсіріс суреттерінің әр түрлі типі мен әр түрлі өлшемдерін жан-жақты визуализациялап, қолданысқа ыңғайлы етеді.


ENVI Interactive Data Language (интерактивті мәліметтер тілі) IDL® бағдарлама құрастыру тілінде жазылған. ENVI лицензиясының екі типі бар. Бірінші типі IDLтолық нұсқасымен қамтылған, яғни мәліметтерді өңдеуге қатысты жеке өзіндік бағдарлама жасауға мүмкіндік береді. ENVI RT атты екінші типі IDL тілімен жабдықталғанмен жеке өңдеу бағдарламасын құрастыруға мүмкіндік бермейді. ENVI қолданушылар IDL тілін пайдалана отырып, өздеріне ыңғайлы интерфейспен жабдықтап, түсіріс суреттерін толыққанды, сапалы өңдеуге жол ашады.
ENVI бағдарламасы түсіріс суреттерімен келесідей негізгі жұмыстар атқарады:
1. түсіріс суреттері арқылы базалық технологиялық операциялық өңдеу жұмыстарын жүргізу;
2. танымал жерсеріктік жүйелердің түсіріс суреттеріне геометриялық және радиометриялық бұрмалануларына түзетулер енгізу;
3. суреттерді жалпы технологиялық жақсарту;
4. мәліметтердің спектральдық (гиперспектральдық) технологиялық сараптамаларын жасау;
5. интерактивті дешифрлеу және классификациялау функциясы;
6. кеңістіктік технологиялық бекіту, түсірістерді жапсыру;
7. радиодиапазонда мәліметтерді өңдеу;
8. мәліметтерді сараптауда векторлық көрініс беру функциясы;
9. картографиялық проекциялардың үлкен жинағымен жабдықталған;
10. тақырыптық карталар дайындау функциясы;
11. ақпараттардың үлкен көлемдегі растрлық және векторлық форматтарын қолдау.
Түсіріс суреттерін қайта өңдеу кезінде ENVI бағдарламасында суреттердің геометриялық коррекциясы кезінде белгілі шамадағы бұрмаланулардың мәндерін енгізу арқылы түзетулер жүргізуге, танымал жүйелердің аппараттық бұрмалануларын жою, түсірістің қызметтік ақпараттарын оқу, тоқтау жолақтарын жою, сызықтардың эмпирикалық колибрленуін жүргізу, жазықтық учаскесінің колибровкасы, ИҚ шағылыстырғыш қасиетінің калибровкасын жүргізу және де AVHRR, HyMap, Landsat MSS және TM, SeaWifs, TIMS түсірістерінің өңдеу жұмыстарын жүргізу мүмкіндіктеріне ие.
ENVI суреттердің геометриялық коорекциясы және кеңістіктік бекітуін жүзеге асырады, сонымен қатар ол жерсеріктің кіріктірілген моделінің жұмысын қамтамасыз етеді, векторлық қабатта геодезиялық пункттерді көрсетеді, объектінің геометриясын қолдану арқылы суреттердің карта немесе басқа сурет бойынша кеңістіктік бекітілуін жасайды, геодезиялық пункттер мен солтүстікке бағытталмаған проекцияларды қолдайды, GPS шынайы уақыт аралығындағы GPS байланысын қамтамасыз етеді.
Бұлардан басқа, ENVI әртүрлі картографиялық проекцияларды қолданады, 100 түрлі координаталар жүйесі, 35-тен көп элипсоид және қолданушының қалауымен еркін проекциялар құруға болады.
Erdas Imagine - әлемдік түсіріс суреттерін өңдеу бағдарламаларының ішіндегі көшбасшы ГАЖ жиынтық. Ол модульдік-иреархиялық әдіс бойынша құрылған. Бағдарлама үш базалық IMAGINE Essential, IMAGINE Advantage, IMAGINE Professional жиыннан тұрады. Бағдарламалық құрал ERDAS өз құрамына аэро немесе ғарыштық, растрлық және векторлық мәліметтермен жұмыс жасауға арналған негізгі құрал-жабдық интерфейсімен жабдықталған. IMAGINE Essential суреттер классификациясы мен тақырыптық карталарды құрастыратын түзету және құру құралдармен жабдықталған.
IMAGINE Advantage өз функциональдық мүмкіншілігіне Essential. Advantage мүмкіндіктерінің барлығын қамтитын бағдарламалық жиын. Essential. Advantage қашықтықтан зондылау мәліметтерін үнемі өңдеп отыратын қолданушылар үшін арналған. Advantage суреттерді өңдеуге арналған құрал-саймандар блогының үлкен болуына байланысты Essential базалық қосымшасына қарағанда көп функциональдық мүмкіндіктерге ие. Функционалдық мүмкіндіктер қатарына жазықтықтар құруда модельдеуге мүмкіндік беретін растрлық ГАЖ сараптама, сонымен қатар, суреттердің ортотрансформациясын жасау жатады.
Ал IMAGINE Professional Essentials және Advantage функционалдық мүмкіншіліктерінің барлығына ие болып келеді, радиолокациялық түсіріс суреттерін базалық өңдеу мен тақырыптық дешифрлеуді жүзеге асырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет