Жқз мәліметтерін өҢдеуге арналған бағдарламалар



бет4/4
Дата30.09.2024
өлшемі1,01 Mb.
#146146
1   2   3   4
Байланысты:
Лекция 10 АФР каз

SAS Планета ғарыштық түсіріс суреттерін жүктеп алуға арналған бағдарламасы

SAS.Планета - Google Earth, Google Maps, Bing Maps, DigitalGlobe, «Космоснимки», Яндекс.карта, Yahoo! Maps, VirtualEarth, Gurtam, OpenStreetMap, eAtlas, iPhone maps тәрізді сервистік жүйелерден ғарыштық түсіріс суреттерін және карталарды жоғарғы рұқсатта қарастыруға және жүктеп алуға мүмкіндік беретін бағдарлама.


Бағдарлама функциялары: GPS қабылдағышпен жұмыс, маршруттар жолын салу, ара-қашықтықтарды өлшеу, KML файлдарын көрсету, Panoramio сервистік қызметін қолдау, карта қабаттарын толтыру-бұл функция көмегімен карта бетіндегі артық немесе жеткіліксіз болып тұрған объектілерді реттеуге болады.
Тағы бір мүмкіншілігі карта бөліктерін бір сурет ретінде біріктіре алуы, бұл суреттерді қолданушылар кез-келген графикалық редакторда немесе ГАЖ қосымшаларда қажетті өңдеу жұмыстарын жүргізе алады.
Бағдарлама көмегімен Google және Яндекс құрылғыларынан қажетті аумақтарды қиындықсыз тауып алып, сақтап қоюға болады. Қабаттардың конвертация жасай алу қаблеті суреттерді жүктеуде интернет-трафиктерінің шығынын азайтуға көмек болады. Жеңіл түрде мобильдік карталарды экспорттау тұтынушыларға ақпаратты тез таратуға мүмкіншілік береді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет