География «Дүниежүзі экономикасындағы Қазақстан Республикасының орны» тарауы
Қазақстандағы отын-энергетика, металлургия, машина жасау, химия және тоқыма өндіріс орындарының құрылымы мен ерекшеліктерін талдайды, басты өнім түрлерін өндіру технологиясын қарастырады
Әр жұп зерттеу жасау үшін белгілі бір өндіріс саласын таңдайды. Олардың Қазақстан аумағы бойынша қай жерде орналасқанын және қай факторлар олар үшін әсіресе маңызды екенін анықтайды.
Кейбір өнімді өндірудің факторларын, ресурстарын, технологиясын қарастырады, сол салада істейтін адамдарға қандай білім мен дағдылар қажет екендігін анықтайды. Зерттеу нәтижелерін графикалық түрде ұсынады
Құндылық: Жалпыға бірдей еңбек қоғамы Мақсаты
Оқу жаттығулары
Мазмұны
ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ АРҚЫЛЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ Я
Қазақстан тарихы Ұлттық мәдениеттің жаңғыруы және әлемдік мәдениеттер жүйесіндегі Қазақстан
Қазіргі кездегі ұлттық құндылықтарды жаңғыртуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды білу
Қазіргі кездегі ұлттық құндылықтар мен мәдениетті жаңғыртуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды зерттейді, атқарылған мәдени іс-шараларды анықтайды (өнерде, спортта, т.б.)
Қазақ тілі Тіл мен мәдениет
Бейнефильм, деректі фильм материалдарын тыңдайды, олардың тақырыбы мен идеясын түсінеді, талқылау
Қазақстандағы ұлттар, олардың мәдениеті мен тілі, ортақ тарихы туралы бейнематериал тамашалайды. Тақырыбы мен идеясы туралы топта талқылайды, өз ойларын ортаға салады, өмірден мысал келтіреді