Жалпыұлттық идеяның миссиясы мен құндылықтары оқу-тәрбие жұмысының барлық түрлері арқылы кешенді түрде
жүзеге асырылады.
Білім беру үдерісін ұйымдастырудың басты ерекшелігі білім беру мен тәрбиенің
бірлігі болып табылады.
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖОЛ – 2050: БІР МАҚСАТ, БІР МҮДДЕ, БІР БОЛАШАҚ
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖОЛ – 2050: БІР МАҚСАТ, БІР МҮДДЕ, БІР БОЛАШАҚ
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың
2014 жылдың 17 қаңтарындағы Жолдауы
Мәңгілік Ел – біз үшін ортақ тағдыр.
Мәңгілік Ел – жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы.
Мәңгілік Ел - барша қазақстандықтарды біріктіретін, ел болашағының іргетасын қалаған басты құндылықтар.
«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының құндылықтары:
Қазақстанның Тәуелсіздігі және Астана
Қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім
Зайырлы қоғам және жоғары руханият
Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу
Жалпыға бірдей еңбек қоғамы
Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы
Ұлттық қауіпсіздік және еліміздің бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы
Құндылықтар
Құндылықтар
Құндылықтар Мемлекеттік білім беру стандартында қамтылған:
- білім берудің мақсаты мен міндеттерінде;
- Қазақстан халқын біріктіретін жалпыұлттық идеяларды жүзеге асырудағы мектептердің миссиясында: «Мәңгілік Ел», «Қазақстан – ортақ мекеніміз», «Қазақстан – менің Отаным».
Құндылықтарға сай қасиеттер Мемлекеттік білім беру стандартында құндылықтар тізіміндегі бағдарлар ретінде қарастырылған:
- қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік, құрмет, ынтымақтастық, ашықтық, өмір бойы білім алу.