К., Аубакирова С. С. М. Ж. КӨпеев, С. Торайғыров пен ж. Аймауытов шығармашылықтарындағы этикалық ЖӘне эстетикалық


Ахметова Г. Ғ., Айтказин Т. К., Аубакирова С. С



бет2/49
Дата12.05.2022
өлшемі491,5 Kb.
#34159
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49
Байланысты:
565 ahmetova g.g. aytkazin t.k. aubakirova s.s. m.j. kpeev s. toraygirov pen j. aymauitov shigarmashilikhtarindagi etikalikh jane estetikalikh

Ахметова Г. Ғ., Айтказин Т. К., Аубакирова С. С.

А 94 М. Ж. Көпеев, С. Торайғыров пен Ж. Аймауытов шығармашылықтарындағы этикалық және эстетикалық : мәдениеттану мамандықтарының студенттеріне арналған оқу құралы / Г. Ғ.Ахметова, Т. К. Айтказин, С. С. Аубакирова. – Павлодар : Кереку, 2010. – 82 б.


ISBN 9965-573-60-3
Оқу құралы, жүйелі түрде проблемалы курс болып табылады, ол қазақ ойшылдарының мұраларында этикалық және эстетикалыққа арналған негізгі көрінісі, олардың идеяларына тарихи және қазіргі философиялық ойлардың компаративисттік негізде, герменевтикалық талдауына зерттеу жүргізу. Студенттерге және қазақ философиясындағы этикалық, эстетикалық мәселелердің әдіснамасына қызығушылық тудыратын барлық оқырмандарға арналады.
ӘОЖ 1(091) (574) (075.8)

КБК 87.3 (5Каз) я73

ISBN 9965 -573-60-3

Ахметова Г. Ғ., Айтказин Т. К., Аубакирова С. С., 2010

© С. Торайғыров атындағы ПМУ, 2010

Материалдық дұрыс болуына, грамматикалық және орфографиялық қателерге авторлар мен құрастырушылар жауапты



Кіріспе
Кез-келген адамда өзін және өзгелерді толық түсінуге ұмтылдыратын тілек оянады, тіршілігінде бір рет те болса мынадай сұраққа жауап іздейді – өмірдің мәні неде? Осыны түсіну ғажайыптығының критерийі қандай? Жақсылық пен жамандық неден тұрады? Және шындық, жақсылық пен көркемдіктің біртұтастығы теориялық тұрғыда емес, күнделікті өмірде болуы мүмкін бе? Біреулер бұл сұрақтардың барын елемеуге тырысады. Кейбіреулер күнделікті әбігерлікте жинақталатын тәжірибелік жауаптармен шектеледі. Ал кейбіреулері шындықты іздеуді өмір бойы тоқтатпайды...

Оқырманның қолында ұстаған кітаптың басты мақсаты – Павлодар облысынан шыққан қазақ ойшылдары Мәшһүр Жүсіп Көпеев, Сұлтанмахмұт Торайғыров және Жүсіпбек Аймауытов шығармалары материалдарынан этикалық және эстетикалық сәйкестік қатынасының негізгі мәселесін ашу және аталған категориялардың ХХ ғасырдың басында қазақ даласында дүниетанымдық, мәдени және саяси өзгерістерге байланысты түсіндіру тәсілі мен шешімінің де тарихи өзгерісі болатынын айқындау.

Қазақ мәдениетінің дүниетанымдық сипатының іргетасы секілді этика және эстетикалық өзінің көп жақтылығымен және қайшылығымен алға шығады. Ұсынылатын курс әлемдегі қазіргі адамның болмысын дәстүрлі түрде талдау және жаңа тәсілін іздеу міндетін қояды. Әрине таңдалған оқу құралы негізінде М. Ж. Көпеев, С. Торайғыров және Ж. Аймауытовтың философиялық ізденістерінің барлық байлығын және көптүрлілігінің түгелін ашу мүмкін емес – оқырмандарға зерттелетін есімдердің тек этикалық және эстетикалық көзқарастары негізінде алынған мәліметтерді ұсынылды, әрі қарай студенттерге олардың көптүрлі шығармашылығын өздігінен тануға бағыт болады.

Неліктен басты назар дәрістік және тәжірибелік сабақтарға көп аударылады? Себебі, философия пәнінен оқыту тәжірибесі көрсеткендей дәріс-семинарлық жүйе оқытылатын пән рухына толық сәйкес келеді. Оқытудың ең тиімді түрі оқытушы оқушылармен өзінің бақылаулары, білімімен және тәжірибесімен бөлісетін әңгімелесу екенін мойындау керек.

Сонымен қатар, тәжірибелік сабақтарда оқушылардың өзіндік әрекетінің аумағы кеңейеді, білімнен (білім алу) өзіндік білім алуға көңіл аударылады. Өзіндік ойлаудың жетілдіруі – белсенді әрекетсіз, тәжірибелік тапсырманы шешу дағдыларын игермей тұрып жасау мүмкін емес. Сонымен қатар, өзіндік тәжірибе кітаптағы басқалардың айтуымен талқыланған, шешімі берілген тапсырмадан гөрі өте бағалы. Кімге болса да, бұрыннан философиялық тапсырманы шеше алған болса, қажет еткен жағдайларда өмірде жылдам дұрыс шешім таба алатынына сенуге болады.

Берілген мәтінге жаңа материалдарды өту немесе қайталау және бекіту барысында көңіл аудару тиімді, сонымен қатар өзіндік жұмыс процесінде бақылау және өзіндік бақылауда, не дәрісте, семинарда, аралық бақылауда және емтиханда қолданылады. Кейбір тапсырмалар (мәтіндер) бір шешімді болуы мүмкін емес, сондықтан пікірталас туындауы мүмкін.

Сонымен қатар, мәтіннің талдауы жалпы этикалық және эстетикалық категориямен ғана таныстырып қоймай, басқа сұрақтар мен мәселелерге әкелуі мүмкін. Материал студент пен оқытушыны жұмысқа шығармашылықпен қарауға жақындатады. Әрбір жеке мәтін-тапсырмалар барлық этика және эстетика категорияларын түгелдей қамтуды қажетсінбейді.

«М. Ж. Көпеев, С. Торайғыров және Ж. Аймауытовтың шығармашылығындағы этикалық және эстетикалық мәселелер» атты бағдарлама курсы студенттердің философиялық-әдіснамалық дайындық мақсатына сай және жалпы философиялық, этикалық, эстетикалық, мәдениеттанулық, логикалық, және арнайы маманданған кәсіби біліммен студенттің бакалавр бағдарламасындағы жалпы білім арасын жалғастырушы қызметін атқарады.

Оқу құралы тақырыптарды оқытуға арналған ұсыныстардан, тақырыптық бақылау сұрақтарынан, реферат тақырыптарынан, глосарийден тұрады.
1 М. Ж. Көпеев, С. Торайғыров және Ж. Аймауытов мұраларындағы этикалық және эстетикалық мәселелердің өзара байланыс ерекшелігі негізінде дүниетанымды және қайнар көздер идеясын қалыптастыру мұраларын құру



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет