бірлестігінің жоспарлары.
Сонымен, тәрбие жұмысын жоспарлау – тәрбиелеу процесін табысты
ұйымдастырудың қажетті шарты. Жоспар жасай отырып, сынып жетекшісі
сынып ұжымының және жекелеген оқушылардың дамуын жобалайды. Ол
тәрбиелеу міндеттерін белгілеп қана қоймай, оқушылардың тәрбиелік деңгейін
арттыру жолдары мен түрлерін де көрсетеді.
Н.Е.Шуркованың
тәрбие жұмысын жоспарлау тұжырымдамасы
мәдениеттану, ұйымдастырушылық іс-әрекет құндылықтарына негізделеді.
Тәрбиелеу мақсаты – салауатты өмір құра алатын жеке тұлғаны қалыптастырып
146
тәрбиелеу. Тәрбиенің міндеттері педагогтің оқушылармен біріккен қарым-
қатынасы, іс-әрекеті арқылы жүзеге асырылады. Тәрбие жұмысын жоспарлау
тек қана жоспар құрумен шектелмеуі қажет. Жоспарлау – балалармен
жүргізілетін барлық жұмыстың өн бойына жүретін шығармашылық процесс.
Модельдеу,
ол ғылымның жаңадан ашылған жетістігі емес.
Модельдеудің тарихы мыңжылдықтармен саналады. Медицина атасы
Гиппократ та адамның көзін емдеуде модельдеуді қолданған. Әйтсе де, тек
қазір біздің заманымызда модельдеу арнайы пән, сонымен қатар философиялық
ізденістерде де қолданылатын болды. Модельдеу ерекше және әмбебап ғылыми
таным және кез келген бағытта емес, саналы және жүйелі қолданылатын ұғым
ретінде қарастырылады. Модель – таным объектісінің орнын басатын және ол
туралы ақпарат көзі болып табылатын материалдық жүйе.
Модельдер үш үлкен топқа бөлінеді:
1) эвристикалық;
2) дидактикалық таңбалы және заттық-техникалық;
3) табиғи және жасанды.
Тереңірек қарастырсақ, көрсетілген топтарда модельдер арасында үлкен
айырмашылық жоқ. Таным процесінде модельдер әртүрлі функцияларды
орындайды. Модель – бұл мәлiмет көзi; модель – бұл өнер бiлiмнiң бекiту
құралы.
Педагогикалық зерттеулерде модельдеу өте күшті құрастыру құралы
болып келе жатыр. Ғылыми модель – бұл зерттеу пәнін көрсететін және
модельді зерттеуде бұл объект туралы жаңа мәлiметтi алуға мүмкiндiк беретін,
оның орнын басуға теңбе-тең бейнелеуге қабiлеттi, ойша көрсетiлген жүйе.
Модельдеу – бұл модельдерді жасау және зерттеу әдiсi. Модельдеудегі
басты артықшылық – мәлiмет ұсынысының бүтiндiгi. Педагогика жүздеген
жылдар бойы негiзiнен талдау есебiнен дамыды. Модельдеу синтетикалық
бағытқа негізделеді: бүтiн жүйелерді мүшелейдi және олардың жұмыс жасауын
зерттейдi.
Дидактикада модельдеуді келесi маңызды есептердiң шешiмi үшiн
қолданады:
- оқу материалының құрылымын оңтайландыру;
- оқу барысының жоспарлауын жақсарту;
- танымдық қызметтi басқару;
- педагогикалық процесті басқару;
- диагностикалар, болжаулар, оқытуды жобалау.
Жоспардың түрлері өте көп, бірақ оның өзіңе қолайлысын таңдаған
дұрыс. Белгіленген мақсатқа сәйкес тәрбие жоспары жасалады, онда
оқушылардың жас ерекшеліктері, тәрбиелік дәрежесі, қызығушылығы ескерілуі
тиіс. Жоспарлауда жоспардың қоғам талаптарына, мақсатына сәйкестігі,
өмірмен тығыз байланыстылығы жоспардың жан-жақтылығы, тәрбиенің
барлық салаларын қамтамасыз етуі тәрбие жұмысының формалары
оқушылардың жасына, ұжым ерекшеліктеріне, тәрбиелік деңгейіне сәйкестігі,
жоспардың нақтылығы ескерілу қажет.
147
Педагогикалық модельдеуде сынып жетекшісі іс-әрекеті 11-кестеде
көрсетілді.
Достарыңызбен бөлісу: |