Озат тәжірибелі мұғалім – педагогикалық процесті ұйымдастыру мен
басқаруда жоғары нәтижеге жеткен алдыңғы қатарлы мұғалім.
Оқушылардың қарым-қатынастары және олардың мектептегі өзіндік басқару жүйесі – оқушылардың өзін-өзі басқаруы.
Оқыту сапасы деп білім мазмұнын игерудің (білімнің, іс-әрекет
тәсілдерінің, шығармашылық іс-әрекет тәжірибесінің, эмоционалдық-құндылық
қарым-қатынастарының) және оқушылардың оқу процесінің түрлі кезеңдерінде
өздерінің жеке мүмкіндіктері, талпыныстары мен оқыту мақсатына сәйкес
дамуының белгілі бір деңгейін айтады. Егер оқыту нәтижелері операциялық
тұрғыда берілген мақсатқа сәйкес келсе және әлеуметтік даму аймағында
болжанған болса, онда оқыту сапалы деп танылады.