К. Д. Бузаубакова



Pdf көрінісі
бет128/446
Дата07.01.2022
өлшемі7,89 Mb.
#20932
түріОқулық
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   446
Байланысты:
Buzaybakova Bilimberudegimenedzhmet

«оқушылар 
отбасының 
әлеуметтік-
психологиялық  портреті»  сипаттамасының  көрсеткіштері:  отбасы  құрамы 
(толық,  толық емес); ата-аналардың  мамандығы,  қоғамдық жағдайы,  қызығуы; 
толық  емес  отбасынан  шыққан  оқушылар  пайызы;  сыныптың,  мектептің 
қоғамдық  өміріне  қатысатын  ата-аналар  пайызы;  өз  қалауымен,  өз 
бастамасымен мектепке келіп тұратын ата-аналар пайызы. 
Мұғалім  осы  мағлұматтың  бәрін  білуі  тиіс,  өйткені  мектептің 
педагогикалық  ұжымы    отбасының  педагогикалық  процесімен  өзара  тығыз 
байланысты.  Мектеп  пен  отбасының  тәрбиелік  мақсаттары  сәйкес  келеді, 
себебі,  отбасы  –  қоғамның  кішкентай  ұясы,  бірақ  отбасы  мен  мектептің 
міндеттері  үнемі  үйлесе  бермейді,  оның  үстіне,  ата-аналардың  бәрінің 
мамандығы  педагог  болмауы  мүмкін.  Сондықтан,  мектептің  педагогикалық 
процесі  отбасының  педагогикалық  процесіне  оң  ықпал  етуі  қажет.  Аталған 
сипаттаманың  жоғарыдағы  барлық  көрсеткіштері  бойынша  жағымды  нәтиже 
алынған болса, сол отбасының жағдайын да жағымды деп есептеу керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет