103
Педагогикалық процестің
«оқушылар ұжымының қалыптасқандығы»
сипаттамасының көрсеткіштері: сыныптағы сайланған және шынайы
белсенділердің сәйкес келу пайызы; «оқшауланған» балалар үлесі, тәрбиесі
қиын балалар үлесі, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысатын оқушылар үлесі.
Бұл сипаттама бойынша материалдарды талдау сынып ұжымы ішіндегі
тұлғааралық қатынастар, белсенділердің мәртебесі туралы мағлұмат алуға жол
ашады. Тәжірибе көрсеткеніндей, ұжым неғұрлым ұйымшыл болса, солғұрлым
ондағы формальды емес көшбасшылардың сәйкестік пайызы жоғары, ешкіммен
араласпайтын балалар аз болады.
Педагогикалық процестің
«оқушылардың қоғамдық (әлеуметтік)
белсенділігі» сипаттамасының көрсеткіштері: қоғамдық міндеті бар сынып
оқушыларының пайызы; өз бастамасы бойынша қоғамдық міндеті бар сынып
оқушыларының пайызы; міндеттердің сипаты (оқу, оқудан тыс, сыныптық,
мектептік, т.б.); есеп беру түрі және есеп беруді кім қабылдайтыны. Тәжірибе
көрсеткеніндей, қоғамдық белсенділік жоғары болған сайын оқушылар
ұжымының қалыптасу деңгейі де, «үлгерім» сипаттамасының барлық
көрсеткіштері де жоғары болады.
Педагогикалық
процестің
Достарыңызбен бөлісу: