К. Д. Бузаубакова



Pdf көрінісі
бет159/446
Дата07.01.2022
өлшемі7,89 Mb.
#20932
түріОқулық
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   446
Байланысты:
Buzaybakova Bilimberudegimenedzhmet

4)  Таңдамалы  тест  –  бірнеше  жауаптардың  ішінен  дұрыс  біреуі 
таңдалады, жауаптар саны үшеуден кем болмауы тиіс. 
5)  Сәйкестік  (салыстыру)  тест  –  тапсырмалар  екі  бағандағы  бір-
бірімен  мағынасы,  мазмұны  бойынша  өзара  байланысқан  фактілерді, 
мәліметтерді табуға құрылған. 
6)  Реттілік-бірізділікке  негізделген  тест  –  көлем,  атау  және  т.б. 
көрсеткіштік  сипаттағы  мәліметтерді  тек  бір  ғана  тәртіппен,  қандай  да  бір 
заңға, ережеге байланысты бірізділікпен орналастырады. 
7)  Құрама  тест  –  құрылымы  бойынша  онда  тестін  әр  түріндегі 
сұрақтары  болуы  мүмкін,  бұл  тестің  тапсырмалары  мәтін  немесе  кесте, 
формула,  сызбалар  жиыны  түрінде  берілуі  мүмкін.  Деңгейі  бойынша  бұл  тест 
аса сыйымды әрі өзгермелі болады. 
Кез келген әрекет, соның ішінде басқару әрекеті де ұйымдастырушы мен 
басшылық  жасаудың  барлық  функцияларын  іске  асыруда  басшылыққа  алатын 
бірқатар  қағидаларды  сақтауға  негізделеді.  Ол  қағидалар  мақсат  қою  және 
жоспарластыру, ұйымдастыру, бақылау және т.б. топтастырылады.  
Ал  басқару  қағидалары  басқару  заңдылығының  бейнелену  және  нақты 
іске  асуын  танытады.  Мектепішілік  менеджменттің  негізгі  заңдылығы 
талдағыштық,  мақсатқа  сәйкестік,  ізгілік,  басқарудағы  демократиялық  және 
мектептің  түрлі  басқару  қызметіне  дайын  болуы  сияқты  компоненттерді 
қамтиды.  Осы  заңдылықтардан  мектеп  директорының,  менеджердің  оқу 
жүйесін басқарудағы басшылыққа алатын негізгі қағидалары туындайды. 
 
 


127 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет