Тестің түрлері: 1) Толықтыруды қажет ететін тест – мәтінде, сызуда, формуланың
жазылуында керекті сөздерді, белгіні, таңбаны қоятын ашық орын
қалдырылады.
2) Еске алушы тест – тест сұрағына жауап қандай бір факт, заң
мағынасы, ережелер түрінде беріледі. Мұнда нақты қойылған сұраққа біржақты
жауап берілуі тексеріледі.
3) Балама жауаптары бар тест – қандайда бір шешімнің дұрыс немесе
бұрыс екенін табу ұсынылады. Жауап бергенде «+» немесе «-» белгілері
қойылады не «ия», «жоқ», «дұрыс», «дұрыс емес» сөздері жазылады.