21
технологиясында, оның парадигмасы мен тұжырымдамасында көрініс табады.
Стратегиялық менеджменттің маңызды ерекшеліктері:
- педагогикалық ұжымды сипаттауға арналған мәртебе, оның әлеуметтік-
экономикалық ортада алатын орны, стратегиялық даму әлеуеті.
- педагогикалық ұжымды басқару мақсаты болып табылатын фирманың
мақсаты. Мақсат – болашақта болатын шындық, ол үлкен талдамалық және
жобалау жұмысының мазмұны мен нәтижесі болып табылады.
- басқару шешімдерінде ұйғарылатын стратегиялық бағдарламаның
жүзеге асырылуы алға қойылған мақсаттарға қол жеткізеді. Бұл бағдарламада
бағдарларды, даму кезеңдерін, басымдықтарды, шектеу факторларын анықтап
алудың маңызы зор. Стратегиялық бағдарлама дамудың жалпы бағытынан
қайсысы ауытқитынын, қайсысы ауытқымайтынын көрсетіп береді.
- басқарудың тиімділігін, сапасын, әлеуетін бағалау және реттеу.
- инновациялық, қаржылық, экологиялық менеджмент, сондай-ақ адам
ресурстарының мененджмент мен жасаушы менеджмент болады.
Оқу мекемелерін басқаруда басты рөлді мектеп директоры, ал оқу-тәрбие
процесін басқаруды директор және оның орынбасарлары атқарады.
Директордың функционалдық міндеттері жалпы білім беретін мекемелердің
типтік қағидаларында көрсетіледі.
Мектептегі жұмыстың
жекелеген бағыттары бойынша жұмыс
директордың орынбасарына жүктеледі. Бұлар оқу-тәрбие жұмысы орынбасары,
сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмыстарын ұйымдастырушы,
профильдік сыныптар немесе жекелеген пәндерді тереңдете оқыту сыныптары
бойынша орынбасары, шаруашылық жөніндегі директордың орынбасары
болып бөлінеді. Соңғы жылдары мектептерде ғылыми жұмыстар бойынша
директордың орынбасары, әлуметтік-педагогикалық реабелитация жөніндегі
директордың орынбасары, коммерция бойынша орынбасарлары міндетті
қызметті қызметтерін атқарушылар да тағайындалады.
Қазіргі уақытта әлемдік білім көптеген ұлттық білім жүйесінен тұрады,
олар өздерінің мәдени дәстүрі, мақсаты мен міндеттерінің деңгейі және өзінің
сапалық жағдайлары бойынша ерекшеленеді. Әлемде, әр елдің ұлттық
ерекшелігін есепке алатын менеджменттің әртүрлі моделі бар. Бұл ең алдымен
әртүрлі халықтардың ұжымдық мәдениетінің ерекшелігімен байланысты.
Адамдардың іскерлік қарым-қатынасының саясаты – менеджменттегі басты
нәрсе.
Достарыңызбен бөлісу: