142
Жоспардың мақсаттылығы жоспарланған жұмыстың мазмұны мен түрінің
нақты мақсаты мен міндеттерінің жүзеге асырылуын қарастырады. Жоспар
оқушының қызығушылығы мен талаптарын жүзеге асыруға, олардың дамуына
бағытталған. Жоспарлауда оқушылар мен ата-аналардың ұсыныстары
зерделенеді. Жұмыс жоспары оқушылардың сабақта, сабақтан тыс алған
білімдерін тәжірибеде қаншалықты қолданатынын, еліміздегі негізгі
оқиғалардың ұжым өміріне қаншалықты әсер ететінін көрсетеді. Сынып
жетекшісінің тәрбие жұмысының жоспарында тәрбиелік іс-шаралардың түрі
(формасы), әдіс-тәсілдері бағыттары қарастырылады.
Тәрбие жоспарына қойылатын негізгі талаптар:
1) Жоспардың қоғам талабына, мақсатына сәйкестігі.
2) Жоспардың өмірмен тығыз байланыстылығы.
3) Жоспардың
жан-жақтылығы, тәрбиенің барлық салаларының
қамтамасыз етілуі.
4) Тәрбие жұмысы формаларының оқушылардың жас және тәрбиелік
деңгейіне сәйкестігі.
5) Жоспардың нақтылығы.
Жоспар – ұжымдық еңбектің белгісі. Сондықтан тәрбие жоспарын құру
барысында оқушылардың белсенділігін арттыра отырып, олардың өздерін
қатыстыруды қамтамасыз ету.
Достарыңызбен бөлісу: