Тәрбиешінің ата-аналармен жұмысында берілетін кеңес: 1) Балаға жан және дене өзгерістерінің байланыстарын табуға көмектесу.
2) Барлық ескертулерді шын пейілмен, үстірт бағаламай, айдар тақпай
жай түсіндіру.
3) Оқушылардың бойында салауатты өмір салтының дағдыларын
қалыптастыруға бағытталған, салауатты өмір салты мәдениетіне тәрбиелеу.
Денсаулықтың маңыздылығын құндылық ретінде түсіну.
4) Дене тұрғысынан жетілдіру. Ертеңгілік жаттығу, күн режимін сақтау,
ем-шара қабылдау, коррекциялық жаттығулар, таза ауада болып, қимыл
қозғалыс ойындарын ойнау.
Тәрбиешінің ата-аналармен ынтымақтастығы оқушылармен жүргізілетін
тәрбие жұмысының табысты болуының басты кепілі болып табылады.
Тәрбиеші үшін ата-аналарды педагогикалық процестің белсенді мүшесі ету
оңай шаруа емес. Ол асқан шеберлік пен зор жауапкершілікті қажет етеді.
Мұндай міндетті шешу үшін тәрбиешінің тәрбие жұмысының жоспарында
мына жәйттер қамтылуы қажет:
- оқушылардың отбасын зерттеу;
- ата-аналардың педагогикалық сауатын көтеру;
- ата-аналар комитетінің жұмысымен байланысты арттыру;
- ата-аналармен жеке жұмыс жүргізу;
- ата-аналарды оқушылардың оқу-тәрбие процесінің нәтижелерімен,
барысымен жүйелі таныстыру (12-кесте).
Мұндай маңызды істерді жүзеге асыруда тәрбиеші тәрбие жұмысының
мақсатын, міндеттерін, мектептің ерекшелігін, ата-аналар құрамын, ата-ана мен
тәрбиешінің қарым-қатынасының негізгі ұстанымдарын ескеріп есепке алады.