151
Сыныптағы тәрбие жұмысын жоспарлауда оқушылар қатыстырылып
және әртүрлі формада іске асырылуы қажет. Мысалы: «Пайдалы істер
барлауы», «Ақыл-ойға шабуыл», «Пайдалы істер аукционы», «Жоспар жобасын
қорғау». Ата-аналар ұжымы да жоспарлауға қатыстырылып, балалармен бірге
өткізілетін іс-шараларды ойластырады.
Сынып жетекшісінің перспективалық және күнделікті тәрбие жоспары
болады. Перспективалық жоспардың негізінде аптаға, тоқсанға арналған жұмыс
жоспары жасалады. Перспективалық жоспарды түрлі бағытта жасауға болады.
Мысалы:
1) Сынып оқушыларына мінездеме.
2) Тәрбиелік міндеттер.
3) Саяси мәдениетін қалыптастыру.
4) Имандылыққа, адамгершілікке, ізгілікке тәрбиелеу.
5) Ұлттық мінез-құлық пен әдет- ғұрып негізінде тәрбиелеу.
6) Халықтық салт- дәстүр негізінде тәрбиелеу.
7) Білім алуға саналы көзқарасын қалыптастыру.
8) Өз еліне, атамекеніне сүйіспеншілік және халықтардың достастығын
құрметтеуге тәрбиелеу.
9) Еңбекке, іскерлікке баулу.
10) Әсемдікке тәрбиелеу.
11) Дене тәрбиесін жетілдіру, гигиеналық тәрбие.
12) Экологиялық және азаматтық жауапкершілікке тәрбиелеу.
Достарыңызбен бөлісу: