К. Д. Бузаубакова


Әдістемелік  бірлестіктер



Pdf көрінісі
бет231/446
Дата07.01.2022
өлшемі7,89 Mb.
#20932
түріОқулық
1   ...   227   228   229   230   231   232   233   234   ...   446
Байланысты:
Buzaybakova Bilimberudegimenedzhmet

Әдістемелік  бірлестіктер.  Бұл  мектепте  мұғалімдердің  мамандығын 
арттырудың  ең  көп  көлемде  таралған  түрі.  Әдетте  бастауыш  сынып 
мұғалімдерінің,  қоғамдық  пәндер  мұғалімдерінің,  математика-жаратылыстану 
пәндері мұғалімдерінің, орта және жоғарғы сынып жетекшілерінің бірлестіктері 
құрылады.  Толық  сыныпты  үлкен  мектептерде  пән  әдістемелік  бірлестіктері 


189 
 
жұмыс  істейді,  демек  пәнаралық  бірлестік  құрамының  жұмысын  ақылмен 
ұйымдастырса,  негізгі  пәндердің  бірқатарын  оқытуда  пәнаралық  байланысты 
күшейтуге мүмкіндік береді. 
Әдістемелік  бірлестіктің  жұмысы  әрбір  мұғалімнің,  мектептің  оқу 
бағдарламасының 
негізгі 
талаптарын, 
ойлары 
мен 
мазмұнын 
шығармашылықпен  меңгертуге  бағытталған  және  дидактиканың,  жалпы  ойын 
сабақтың нақты тақырыбына қарай әдісті икемдеу.  
ХХ  ғасырдың  80-жылдары  әдістемелік  бірлестіктің,  әсіресе  пәндердің, 
жұмысында  іскерлік  әдістер  кең  қолданыла  бастады,  мысалы,  сабақтың 
міндетін  жоспарлауда,  сабақта  оқу  материалдарын  іріктеу  (мазмұнын 
жақсарту),  оқытудың  тиімді  әдісін,  технологиясын,  түрін  таңдау,  сыныпқа 
педагогикалық-психологиялық  сипаттама  жасау,  сабақты  талдау  және  өзін-өзі 
талдау, т.б. 
Әдістемелік  бірлестік  тек  қана  негізгі,  жетекші  үлгі  емес,  сонымен  бірге 
ол,  құрылымды  бөлім,  өйткені  әдістемелік  жұмыстың  басқа  да  түрлері 
негізінде, бірыңғай жоспармен жұмыс жасайды.. 
Пән бірлестігінің отырыстары әр айда 1 рет, яғни жылына 9 рет өткізіледі. 
 
Пән бірлестігінде төмендегідей мәселелер қарастырылады: 
1) Оқу-тәрбие процесін  жақсарту, жаңарту жолдары. 
2) Пән бойынша оқушылардың білім сапасын арттыру. 
3) Оқу-тәрбие 
процесінде  жаңа  педагогикалық  технологияларды 
пайдалану. 
4) Оқушылардың шығармашылығын арттырудың жолдары. 
5) Пән бойынша сыныптан тыс жұмыстар. 
6) Пән бойынша оқушылар үлгерімі. Білім мониторингісі. 
7) Пән бойынша озық іс-тәжірибені үйрену, зерттеу, тарту, насихаттау; 
8) Пәнаралық байланыс. 
9) Пән  бойынша  оқу  кабинеттерінің  қазіргі  заманғы  талаптарға  сай 
жабдықталуы. 
10)  Сабақта  көрнекі  және  техникалық  құралдарды,  жаңа  ақпараттық 
коммуникациялық техологияларды пайдалану жолдары және т.б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   227   228   229   230   231   232   233   234   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет