К. Д. Бузаубакова



Pdf көрінісі
бет249/446
Дата07.01.2022
өлшемі7,89 Mb.
#20932
түріОқулық
1   ...   245   246   247   248   249   250   251   252   ...   446
Байланысты:
Buzaybakova Bilimberudegimenedzhmet

ӘДІСТЕМЕЛІК БІРЛЕСТІК 
Пәндік бірлестіктер 
Жас мұғалімге 
көмек 
Тәлімгер
 
Жеке жұмыс 
Пәндік циклдар 
Жеке  консультация 
Жаңаша  оқыту 
Пәндік апталықтар 
 
Кәсіби байқаулар 
Мұғалімнің тәжірибесін тарату 
Инновациялық 
технологияны үйрену 
Ғылыми -практикалық 
семинарлар 


202 
 
зерттеу  жұмыстарына  байланысты.  Осыған  орай,  мұғалімнің  жұмысында 
шығармашылық  басым  болуы  керек.  Озат  мектептердің  іс-тәжірибелеріне 
қарағанда шығармашылық топтың құрамына өте тәжірибелі мұғалімдер кіреді. 
Іс-жоспары бір жылға жасалып, топ мүшелері айына бір рет кездесіп отырады. 
Мұғалімнің  шығармашылық  шеберліктерін  шыңдауда  педагогикалық 
оқулар, 
ғылыми-әдістемелік 
семинарлар, 
байқаулар, 
олимпиадалар, 
шығармашылық  есеп,  іскерлік  ойыңдардың  берері  көп.  Оқыту  мен  тәрбиелеу 
процесін  жетілдіру,  әрбір  сабақтың  білімдік,  тәрбиелік,  дамытушылық 
мүмкіндіктерін  арттырып,  ертеңгі  білімдар,  парасатты  жеке  тұлғаны 
қалыптастыру мақсатында «Жас мұғалімдер мектебі» жұмыс істейді. 
Ғалым  К.Д.Бузаубакова  мұғалімдерді  педагогикалық  білім  деңгейі  мен 
әдістемелік  шеберлігіне қарай 4 топқа бөледі: 
1) қатаң бақылауды қажет ететін мұғалімдер; 
2) қалыптасқан әдіс-тәсілдері бар мұғалімдер; 
3) шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдер. 
4) өзіндік жеке педагогикалық технологиясы бар жаңашыл мұғалімдер. 
Мектептерде  педагогикалық  тәжірибені  зерттеу,  жинақтау  ісі  күрделі 
және  шығармашылық  мәселелердің  біріне  жатады.  Педагогикалық  тәжірибе  - 
оқыту мен тәрбиенің практикасын жан-жақты зерттеу объектісі, фактылар мен 
ғылыми мәліметтерді жинақтаудың негізгі көздерінің бірі.  
Мектептерде педагогикалық тәжірибені зерттеудің кейбір нақты жолдары 
іске  асырыла  бастады:  мұғалімнің  өз  тәжірибесін  өзі  зерттеп  жинақтау; 
педагогикалық  еңбек  шеберлерінің  жұмыс  жүйесін  зерттеу  және  жинақтау; 
жалпы педагогикалық тақырып бойынша бірнеше мұғалімдердің тәжірибелерін 
зерттеу  және  жинақтау; жаңашыл  мұғалімдердің  озат  тәжірибесін  тарату  және 
оны 
оқу-тәрбие 
процесіне 
енгізу, 
педагогикалық 
ғылыми-зерттеу 
институттарының  басшылығымен  оқу  және  тәрбие  саласындағы  проблемалық 
мәселелерді зерттеу және жинақтау. 
Мұғалім  өз  мектебіндегі  немесе  көршілес  мектептердегі  тәжірибелі 
мұғалімдердің  тәрбие  жұмыстарымен  танысады,  сабақтарына  қатысады. 
Олардың  оқыту  мен  тәрбие  әдістерін  өзінің  қолданып  жүрген  әдістерімен 
салыстырады, тиімді қорытынды жасайды. 
Зерттеу жұмысы аяқталғаннан кейін оны мектеп мұғалімдерінің ғылыми-
практикалық    конференциясында  талқылайды,  құнды  деп  тапса,  аудандық 
«Педагогикалық  оқуларға»  ұсынады.  Сөйтіп,  мұғалімнің  бұл  шығармашылық 
еңбегі  бірте-бірте  облыс,  республика  көлемінде  талқылардан  өтіп,  көпшіліктің 
игі ісіне айналады. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   245   246   247   248   249   250   251   252   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет