К. Д. Бузаубакова


Кесте 21 - Педагог қызметкерлердің біліктілік дәрежелері



Pdf көрінісі
бет264/446
Дата07.01.2022
өлшемі7,89 Mb.
#20932
түріОқулық
1   ...   260   261   262   263   264   265   266   267   ...   446
Байланысты:
Buzaybakova Bilimberudegimenedzhmet

Кесте 21 - Педагог қызметкерлердің біліктілік дәрежелері 
Біліктілік дәреже 
 
Біліктілік  
разряд 
VІІ  VІІІ 
 
ІХ  Х  ХІ 
ХІІ 
ХІІІ 
ХІV 
Біліктілік 
санат 
 
 
екінші 
бірінші 
жоғары 
Береді 
МЕКТЕП 
Аудандық 
(қалалық)  
білім беру 
басқармасы 
(департамент) 
Облыстық 
білім беру 
басқармасы 
(департамент) 
 


212 
 
ҚР 
Білім 
және 
ғылым 
министрінің 
12.04.2018  
жылғы                                
№152 бұйрығымен  «Мектепке дейінгі  тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі 
орта  және  жалпы  орта  білімнің  жалпы  білім  беретін  оқу  бағдарламаларын, 
техникалық  және  кәсіптік,  орта  білімнен  кейінгі,  қосымша  білімнің білім  беру 
бағдарламаларын  және  арнайы  оқу  бағдарламаларын  іске  асыратын  білім  беру 
ұйымдарында  жұмыс  істейтін  педагог  қызметкерлер  мен  оларға  теңестірілген 
тұлғаларды  және  білім  және  ғылым  саласындағы  басқа  да  азаматтық 
қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары» бекіді. 
Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу 
бағдарламаларын,  арнайы  оқу  бағдарламаларын  іске  асыратын  білім  беру 
ұйымдарында жұмыс істейтін аттестатталушы адамдар кезекті және мерзімінен 
бұрын аттестатталатындар болып бөлінеді. 
Біліктілік  санаттарын  беру  (растау)  үшін  аттестатталушы  адамдарды 
кезекті аттестаттау екі кезеңде жүзеге асырылады: 
    1) бірінші кезең – ұлттық біліктілік тестілеуі; 
    2)  екінші  кезең  –  қызмет  қорытындыларын  кешенді  талдамалық 
жинақтау. 
  Аттестаттау  барысында  біліктілік  тестілеуіне  жататын  еңбек  қызметі 
бейіні  бойынша  бағыттар  тізбесі  білім  туралы  құжат  бойынша  біліктілігіне 
сәйкес анықталады. 
    Біліктілікке тестілеу 100 тестілік тапсырмадан тұрады: 
   1) «Қызмет бағыты бойынша» – 70 тапсырма; 
  2) «Педагогика, оқыту әдістемесі» – 30 тапсырма. 
     Біліктілік тестілеуінің жалпы уақыты екі жүз отыз минутты құрайды. 
    «Қызмет бағыты бойынша» - 50%, «Педагогика және оқыту әдістемесі» 
бойынша - 50% дұрыс жауап алынса, тестілеу нәтижесі оң деп есептеледі. 
    Аттестатталушы  адамдардың  тізімдік  құрамы  білім  беру  ұйымының 
алқалық органының шешімімен бекітіледі. 
    Біліктілік  санаттарын  беру  (растау)  үшін  аттестатталушы  адам  кезекті 
аттестаттау  өтініш  негізінде  (оның  ішінде  қазіргі  санатының  мерзімі 
аяқталғанға дейін) жүргізіледі: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   260   261   262   263   264   265   266   267   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет