2) «Педагог-модератор» біліктілік санатына келесі кәсіби
біліктіліктерге сәйкес келетін педагогикалық өтілі кемінде екі жыл, мамандығы
бойынша жоғары педагогикалық және кәсіптік немесе техникалық және
кәсіптік білімі бар тұлғалар: - «педагог» біліктілік санатына қойылатын жалпы талаптарға жауап
береді;
- білім алушылардың жетістіктері деңгейінде оқыту нәтижелеріне
қосқан жеке үлесіне талдау жасайды және рефлексия жүргізеді;
- оқытудың инновациялық нысандарын, әдістері мен құралдарын
қолданады;
- білім беру ұйымы деңгейінде өз тәжірибесін жинақтайды;
- білім
беру ұйымы деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға,
жарыстарға қатысады.