Педагогикалық менеджмент – тиімділікті арттыруға бағытталған білім
процесін басқарудың технологиялық тәсілдері, ұйымдық формасы, әдісі,
қағидаларының кешені.
Басқарушылық біліктілік – тәжірибе, білім, қабілет және басқарушылық
бейімі, басшылық жұмысына дайындығының көрсеткіші және басшы ретінде
негізделген басқару шешімін қабылдай алу қабілеті.
Білім беру ұйымы басшысының басқару біліктілігі – теориялық және
тәжірибелік білімінің деңгейі және қабілеті, кәсіби маңызды сапасы мен
қабілеттілігі, оған өзінің мамандануы шеңберінде шектеліп қалуына жол
бермейтін, кәсіби жағдайлардан жол табуға мүмкіндік береді, басқарудың
тиімді шешімдерін қабылдауға қажетті әлеуметтік және кәсіби жылдамдығын
қамтамасыз етеді, өзгерістер мен өз білімін жаңартуға дайындығын көрсетеді.
Педагогикалық менеджметтің (білім беру процесін басқарудың теориясы,
әдістемесі және технологиясы) өзіндік ерекшелігі және өзіне ғана тән
заңдылықтары бар. Бұл ерекшелік ең алдымен өзіндік құралынан,
қажеттілігінен, қаруынан және менеджер еңбегінің нәтижесінен көрінеді.