Өктемшіл стиль – басшының барлық шешімдерді жеке қабылдауы, сол
сияқты жұмыскерді жеке адам ретінде елемеуі тән. Басшы қол астындағы
адамдарды, кәсіпорынның иерархиялық ұйымынан туындайтын олардың
бұлжытпай бағынуын күтіп, өзінің заңды билігінің күшімен басқарады.
«Педагогикалық ұжымның жағдайы» сипаттамасының көрсеткіштері – мұғалімнің өз әрекетінің және басқару ісінің объектісін осы
заманға лайық ұға білу; педагогикалық процесті басқаруға мұғалімнің
теориялық және әдістемелік даярлық деңгейі; оқушылар ұжымын
қалыптастыру әдістемесін білу; педагогикалық процесті диагностикалауға
дайындық; дарындылармен және тәрбиесі нашар балалармен жұмыс істеуге
дайындық.