К. Д. Бузаубакова


 деңгей – құжаттандыру тәртібі, стандарттар;  3 деңгей



Pdf көрінісі
бет52/446
Дата07.01.2022
өлшемі7,89 Mb.
#20932
түріОқулық
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   446
Байланысты:
Buzaybakova Bilimberudegimenedzhmet

2 деңгей – құжаттандыру тәртібі, стандарттар; 
3 деңгей –бөлімшелерінің ережелері, нұсқаулықтар; 
4 деңгей – сапа бойынша жазба (сапаның еркін формасы); 
5  деңгей  –  нормативті-құқықтық  және  нормативті  құжаттар  (заң,  жарғы, 
қаулы, ҚР БҒМ құжаттары). 
Жоғарғы басшылықтың міндеті: мақсат бірлігін қамтамасыз ету бойынша 
аталған  саясат  пен  жауапкершіліктердің  барлығын  жүзеге  асыру,  басқару 
дәстүрін  сабақтастыру,  барлық  қызмет  түрлерін  процестік  көзқараспен 
қамтамасыз  етуші  сапа  менеджменті  жүйесін  тұрақты  түрде  жақсарту  мен 
қолдау  және  нақты  мәліметтер  талдауының  дәлдігіне  негізделген  шешімдерді 
қабылдауд. 
Жоғарғы  басшы  барлық  жауапкершілік  жетістігі  университеттің 
қалыптасуы  мен  дамуына  жұмсалатындығын  түсінеді  де  әртүрлі  деңгейдегі 
қызметтің  тұрақты  мониторингісін  қамтамасыз  етеді  және  оның  тіршілік 
әрекетінің барлық процестерін жақсарту бойынша іс-шаралар енгізеді.  
 Мәселен, ЖОО білім беру процесіндегі сапа менеджменті жүйесі үздіксіз 
жетілдіру  жүйесін  құру  және  ұйымдастыру  мақсатында  төмендегідей  
ұстанымдар басшылыққа алынады:  


45 
 
1)  Педагог  мамандарын  дайындау  бағыттары  бойынша  Қазақстан 
Республикасының  білім  беру  қызметтерін  ұсыну  саласында  танымды 
көшбасшы болуға талпыну. 
2)  Құрам  жауапкершілігі  мен  өкілділікке  шек  қоюды  жүзеге  асырушы 
басқару  құрылымын  жетілдіру,  нақты    басқару  тетіктерін    енгізу  және  қажетті 
ресурстармен қамтамасыз ету. 
3)  Материалдық-техникалық  базаны  және  ЖОО-ның  инфрақұрылымын 
тұрақты түрде жетілдіру. 
4)  ҚР ИСО 9001:2001 талаптарына сәйкес ЖОО-ғы сапа менеджментінің 
барлық процесін жүзеге асыруға кепілдік беретін ақпараттық, әдістемелік және 
материалдық базамен сапа менеджменті жүйесін қамтамасыз ету. 
5)  Тұтынушылардың  сұранысын  қанағаттандыруды  қамтамасыз  етуші: 
сыртқы  –  мемлекет,  әртүрлі  меншіктегі  кәсіпорын,  студенттер  мен  қоғам 
тұтастығы; ішкі – ЖОО оқытушылары мен қызметкерлері. 
6)  Білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандарттары талаптарын 
орындау  негізіндегі  білім  беру  қызметтері  сапасын  көтеру  кепілдігімен 
қамтамасыз ету, заманауи білім беру технологияларын енгізу, оқытушылардың 
ғылыми және педагогикалық біліктілігін үздіксіз көтеру жүйесін дамыту. 
7)  Оқытушылар  мен  студенттерді  ғылыми-зерттеу  қызметіне  тартуды 
қамтамасыз  етуші  нақты    тетіктерін    құру  есебінен  іргелі  және  қолданбалы 
зерттеулердің көлемін кеңейту. 
8)  ЖОО  мәртебесін  көтеру  есебінен  оқытушылар  мен  қызметкерлердің 
материалдық  тұрақты  жағдайының  өсуін  қамтамасыз  ету,  сапалы  білім  беру 
қызметтерін көрсету және еңбек төлемі жүйесін жетілдіру. 
9)  Білім  беру  қызметтері  жағдайын  зерттеуге  бағытталған  маркетинг 
жүйесін құру және нарық талаптарының өзгерісіне икемділікпен қарау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет