1) психологиялық дайындық: өз мүмкіндігі жайлы нақты болжам
(объективті өзіндік бағалау), өзіне деген талап қоюшылық, өзін-өзі
сынаушылық, ұйымдасқандық, байқампаздық, батылдық;
2) технологиялық дайындық: педагогикалық
шеберлік
пен
технологияны еркін меңгеру үшін қажетті болжамдық, жобалаушылық,
конструктивті, коммуникативті және диагностикалық шеберлік пен дағды;
3) педагогикалық-ұйымдастырушылық дайындық: жұмыс жағдайын,
оқу-тәрбие процесінің жағымды, жағымсыз факторларын білу, әрқилы
диагностикалық әдістерді меңгеру, өз ізденісі үшін хал-ахуалды таба білу
шеберлігі, ата-аналар белсенділігі және оқушылардың өздерінің арасында
ынтымақтастық қарым-қатынас орнату;
4) өзін-өзі кәсіптік тәрбиелеу мен өз бетімен білім алудың іскерлігі. Шығармашылық тұлғаның ерекшелігі шығармашылық табиғатынан,
мұғалімнің инновациялық іс-әрекеті ерекшелігінен, оның әлеуметтік бағытынан
келіп шығады.
Мұғалімнің
инновациялық
іс-әрекетке
дайындығының
маңызды
белгілеріне жетекші педагогикалық қасиеттің қалыптасқандығы жатады.