К. Д. Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ



Дата06.01.2022
өлшемі26,13 Kb.
#15176
түріСабақ
Байланысты:
жмп


Орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. АҚШ пен Батыс Европада XX- ғасырдың екіншІ жартысынан бастап оқу процесінің технологиясын жасау бағытындағы ізденістер белсендІ түрде жүргізіле бастады. 1940-50- жылдары оқыту үрдісіне техникалык кұралдардың енуіне байланысты «білім берудің технологиясы» терминІ кеңінен қолданыла бастады. Кейінірек, 50-60-шы жылдары түрлі техникалық кұралдарды қолдану әдістері жөніндегі еңбектердің ықпалымен «педагогикалық технология» деп атала бастады. 60-шы жылдардың ортасында технологиялык әдіс шет елдерде баспасөз беггерінде және халықаралык конференцияларда кеңінен талқылана бастады. Бұл істе негізгі екі бағыткөзге түсті. Біріншісі,бұрынғыша технологиялык әдісті техникалык құралдарды колданумен байланыстырса, екіншісініңкөлемінде оқу процесінің өзін ұйымдастырудағы технологиялык әдістер дами бастады да «оқытудың технологиясы»деген термин пайда болды. Еліміздің егемендік алып, қоғамдық өмірдің барлық, соның ішінде білім беру саласында жүріп жатқан демократияландыру мен ізгіліктендіру мектепті осы кезге дейінгі дағдарыстан шығаратын қуатты талпыныстарға жол ашты. Қазіргі кезде біздің Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің жаңа мазмұны пайда болуда:

• білім мазмұны жаңа біліктермен, ақпараттарды қабылдау қабілеттерінің дамуымен, ғылымдағы шығармашылық және нарық жағдайындағы білім беру бағдарламаларының нақтылануымен байи түсуде;

• ақпараттық дәстүрлі әдістері – ауызша және жазбаша, телефон және радиобайланыс – қазіргі заманғы компьютерлік құралдарға ығысып орын беруде;

• баланың жеке басын тәрбиелеуде, оның жандүниесінің рухани баюына, азамат, тұлға ретінде қалыптасуына көңіл бөлінуде;

• мектеп, отбасы мен қоршаған әлеуметтік ортаның бала тәрбиесіндегі бірлігіне ұмтылыс жасалуда;

• қоғамдық біліммен бара-бар педагогикалық технологияның кеңінен қолданылуына және ғылымның рөліне мән берілуде.

Оқыту технологиясын жетілдірудің психологиялық, педагогикалық бағыттағы негізгі ой-тұжырымдары төмендегіше сипатталады:

• есте сақтауға негізделген оқып білім алудан, бұрынғы меңгергендерді пайдалана отырып, ақыл-ойды дамытатын оқуға көшу;

• білімнің статистикалық үлгісінен ақыл-ой әрекетінің динамикалық құрылым жүйесіне көшу;

• оқушыға орташа деңгейде білім беретін бағдарламадан жекелеп, саралап оқыту бағдарламасына өту.



  1.   Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды болып табылатын мәселелердің бірі — оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдалану болып табылады. Білім беру үрдісін ақпараттандыру – Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді. Қазіргі таңда да елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына ақпараттық кеңістікті құру еніп, көкейкесті мәселе ретінде күн тәртібінен түспей отырғандығы мәлім Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры» деп аталады. Қоғамды ақпараттандыру – экономиканың, ғылымның, мәдениеттің дамуының негізгі шарттарының бірі. Ақпараттық қоғам құру кезеңіндей адамның жеке тұлғасын өмірге дайындау мына сатылардан тұрады:

— ойлау қабілетін жетілдіру;

— эстетикалық тәрбие;

— қатынасу-сөйлесу қасиеттерін дамыту;

— тиімді шешім қабылдауды немесе күрделі жағдайларда қабылданатын бірнеше шешімдер нұсқасын ұсынуды қалыптас-тыру;

— ғылыми-тәжірбиелік қызмет жүргізе білуге үйрету, оны дамыту;


  1. Қоғамды ақпараттандыруға байланыс-ты туындайтын әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру процесі:

— информатика және есептеу техника-сы саласында мамандарды дайындау;

— жаңа информациялық технологиялар құралдарын тұтына білушілерді дайындау;



  1. Оқу-тәрбие процесінің барлық деңгейлерін екпінді ету:

— жаңа информациялық технолгиялар құрал-дары мүмкіндіктерін жүзеге асыру арқылы оқыту процесінің тиімділігі мен сапасын көтеру;

— оқушылар мен студенттердің танымдық қасиеттерін жетілдіру қажет ынталан-дыру істерін жүргізуді қамтамасыз ету;



«Ақпараттық технология» терминін академик В.М. Глушков енгізген. Білім беру процесін ақпараттандыру оқушыға білім берумен байланысты болғандықтан, В. Глушковтың анықтауынша, «Ақпараттық технологиялалар» ақпаратты өңдеумен байланысты процестер болып табылады. 

Қазіргі білім беруді ізгілендіруді жүзеге асырудың негізінде оқытудың жаңа технологиясын педагог – ғалымдар мен республика мұғалімдері жан – жақты ізденіп, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыруға білім берудің тиімді жолдарын қарастырып, оқытудың жаңа технологияларын таңдай білу мүмкіндігіне ие болуда.

Оқушының жеке тұлғасының дамуына ықпал жасауда сабақ процесінде мұғалімдерге жаңаша оқытуда, тәрбиелеуде мынадай міндеттер жүктелген:



  • Оқытушының базалық білім - білік дағдыларын жетілдіру.

  • Танымдық қабілеттерін дамыту.

  • Оқуға деген қызығушылығы мен ынтасын арттыру.



  • Белгілі бір проблеманы шешуді оқушылардың ынтымақтастығын ұйымдастыру.

  • Жұмыстың топтық түрлерін қолдану.

  • Оқушылардың өзіндік жұмыстарының ізденісті зерттеу түрлерін ұйымдастыру.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет