К. Д. Ушинский Мұғалім болуды мен бала кезімнен армандаушы едім. Мектепте оқып жүргенде- ақ өзімнен кейінгі сіңлілерімді отырғызып қойып, мұғалім кейпіне еніп, сабақ



бет1/3
Дата15.11.2023
өлшемі66,5 Kb.
#122723
түріСабақ
  1   2   3

Эссе
Ұстаз – ұлы тұлға
«Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанымен – тарихтағы ең ұлы істің бірі»
К.Д.Ушинский
Мұғалім болуды мен бала кезімнен армандаушы едім. Мектепте оқып жүргенде- ақ өзімнен кейінгі сіңлілерімді отырғызып қойып, мұғалім кейпіне еніп, сабақ оқытушы едім. Бұл қасиетім ата- анамнан дарыса керек. Өйткені атам мен әжем, анам мен әкем – бәрі де еңбек жолдарын мұғалімдікпен өткізген жандар. Олардан асып мен қайда бармақпын?! Көргенім, білген мамандығым тек осы – мұғалімдік болса. Арман қуып, студеннттік шаққа келген кезімде бастауыш класс мұғалімі деген мамандықты таңдап, оқуға түстім. Оқуды 2008 жылы бітіріп, қолыма диломымды алып, осы мамандықтың теңізінде құлдилай жүзіп келемін.
Адамның өз- өзіне өмір бойы қоятын және оған әрдайым жауап іздейтін сұрақтары болады екен? Мен үшін сол сұрақтың бірі де бірегейі – Мұғалім деген кім? Алдымен осы сұрақтың жауабын тағы бір айқындап алайық. Мұғалімге тән ең бірінші қасиет – алдыңда отырған сары уыз балапандай, көзі жәудіреп, имене қарап отырған баланы құрметтеу. Бұл мұғалімнің терең дүниетанымы мен үлкен жүрегінен келіп шығады. «Ұстаз» сөзінің екі түрлі сипаты бар: бірі – белгілі пәннен сабақ беретін оқытушы болса, екіншісі – жоғары беделді адамдарға ықпал етуші дана адам. Сондықтан әрбір шәкірт өзіне үлгі- өнеге болған сүйікті мұғалімін ұстазым деп атайды.
«Ұстаз жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын, алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі. Мейлінше шешен, өнер–білімге құштар, аса қанағатшыл, жаны асқақ және ар–намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ, жұрттың бәріне жақысылық пен ізгілік көрсетіп, қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек» деп Әл–Фараби данамыз дәл анықтама берген. Осы ұстанымды мен жадымда әркез ұстаймын.
Менің таңдаған мамандығымның қызығы да шыжығы да мол. Әріп танымай келген әр баланың жан дүниесіне үңіле отырып, олардың сауатын ашып, өмірге бейімдеу – ол менің парызым. Оқушыларым қуанса, қуанып, жұбанса, жұбанып, өз баламдай боп кеткен балаларымды төрт жыл оқытып, 5- сыныпқа қимай қоштасамын. Бауыр басып, екінші анасындай болып кеткен мұғалімін олар да қимақ емес. Оқушымның жеткен әрбір жетістігі менің жетістігім деп білемін. Қазіргі заман талабына сай оқу да, оқушы да өзгеріп жатыр. Соған қарамастан, мен өзім білетін, өзім қолданып жүрген педагогикалық, пәндік дайындығымды жаңартылған білім мазмұнына сай өзгертуім қажет, іскерлік дағдымды тереңдетіп, көзқарасымды өзгертіп, түбегейлі дамып отыруым қажет екенін түсінемін.
«Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» деп Абай атамыз айтып кеткендей, ұстаздық жолда жалығуға хақым жоқ деп есептеймін. Олай болса, болашақ білімді жастарды білім нәрімен сусындатып, саналы тәрбиеге баулып, адамгершілігі мол тұлға қалыптастырамын. Елбасы да, министр де, әкім де, шахтер да, жүргізуші де қай мамандық иесі болмасын – бәрі де мұғалім алдынан білім алады емес пе? Бастысы, олардың бойында адамгершілік қасиеттері мен иманды, инабатты қалыптары сақталса игі еді. Келешекте алдымнан өткен шәкірттерім осындай мамандық иелері болып жатса, менің еңбегімнің ақталғаны ғой. Сол себепті баланы жасына, жынысына, әлеуметтік жағдайына қарамастан, өз қызметімді адал атқарамын деп ант етемін. Мұғалім мамандығы үнемі ізденуді, дамуды, өзгеруді қажет ететіні секілді, сол өзгерістерге мен де түсемін. Мұғалім актер әрі дережер, әрі музыкант бола отырып, баланы жан–жақты дамытып, тәрбиелейтіндей, мен де осындай сегіз қырлы, бір сырлы мамандық иесі болуға дайынмын.
Ұстаз ұлы тұлға-бұл тақырыпты таңдауымның себебі ол менің мамандығым. Ұстаз болу менің бала күнімдегі арманым. Бірақ,жазушы Эрнест Хемингуэйдің «Әрбір адам қандай да бір іс үшін туады, жер басып жүрген әрбір адамның өмірде өз міндеттері бар» деген нақыл сөзін оқығанда, өмірде өз міндетімді тапқанымды түсініп төбем көкке жетті.Абай атамызда «дүниеге кірпіш болып қаланып» өз ізін қалдыруды арман етеді. Ендеше мен ұстаз болу үшін туылдым, міндетім балаларға білім беру, өмірде өзін тануға, өз орнын табуға көмек беру.
Шынайы ұстаздар қайдан пайда болады? Алладан жаратылған ұстаз бола алам ба? Ішкі дүниеме үңіліп осы сұрақтарға жауап іздеймін.
Ия, ұстаз көп, ал менің мақсатым – шынайы ұстаз атану, өйткені Алла мен ана-анадан кейінгі ұлы сөз бұл-Ұстаз!
Ұстаз болу үлкен жауапкершілікті талап етеді, себебі ата-аналар өздеріне ең қымбаттысын яғни балаларын бізге табыстайды. Менің күнде көретінім балалар. Мен оларды шексіз сүйемін.Мені өз сүйіспеншіліктерімен рухани сауықтырады, қолдайды, тыңдайды, ойларын ашық айтады, сенімдерін білдіреді, сырласады. Әрбір бала керемет рухани күш иесі. Сондықтан да мұғалім әр балаға рухани күш иесі деп қараса, баланың белсенділігі арта түседі. Өмірге, білімге деген құштарлығы жоғарылайды. «Балаға сеніммен қарау – баланы тек қуаттандыра түседі» -деген белгілі педагог Ш.Амонашвили.Яғни балалармен қарым-қатынасқа түскен кезде:
-үйрете отырып, өзімізді үйрету, тәрбиелей отырып, өзімізді тәрбиелеу, білім беру арқылы өзіміздің білімімізді меңгерту заңдылығын сақтауымыз керек. Осы заңдылықтарды ұлы педагог Ш.Амонашвили барлық ұстаздарға арнап жазған болатын.
Шынайы ұстаз атану жолында жас ұрпаққа білім мен тәрбие берудегі педагогтың үш стилін қарап шықтым:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет