Тайжан Қалмағанбетұлының бойындағы өнер сан қырлы болатын. Оны қазақтың «сегіз қырлы, бір сырлы»



жүктеу 19.73 Kb.

Дата21.02.2017
өлшемі19.73 Kb.

ЖЫР ДҮЛДҮЛІ 

Т а й ж а н Қалмағанбетұлының туғанына 125 жыл 



Тайжан Қалмағанбетұлының бойындағы өнер сан 

қырлы болатын. Оны қазақтың «сегіз қырлы, бір 

сырлы» дейтін әдемі теңеуіменде бейнелеу 

жеткіліксіз. Ол - әнші, күйші, биші, сазгер, жырау, 

шешен, шайыр, ақын, сайқымазақ, жарапазаншы, 

шабандоз, палуан, ұста, зергер, Бірақ, халық оны 

«ақын Тайжан», «Тайжан ақын»деп дәріптеді. 

Ендеше, оның бойындағы елден асқан өнерлерінің 

ең биігі - ақындық. 

Жасөспірім шағынан суырып-

салма ақындық өнерімен көрініп, 

небір арқалы жиындағы айтулы 

айтыстарда ешкімге дес беріп 

көрмеген Тайжан ақын алғаш рет 

1934 жылғы республика бойынша 

өткізілген халық өнерпаздарының 

слетінде танылып, оның талантын 

ел басшылары мойындады. Кең 

байтақ қазақ даласының түкпір-

түкпірінен жеткен аса ірі өлең 

сөздің дүлдүлдері арасында 

Жамбыл Жабаев пен Тайжан Қал-

мағанбетовке ғана республикалық 

дербес зейнетақы тағайындалды. 

Мұншама зор баға ақын ша-

бытына жаңа қуат берді. Оның 

өлең-жырлары баспасөз 

беттерінде жиі жариялана баста-

ды. Ол ел өмірін, КСРО 

мемлекетінің жетістіктерін Жам-

былдан кем жырлаған жоқ, қоғам 

өміріндегі кемшіліктерді де өткір 

сынға алып отырды. 

Өкініштісі, дүлдүл ақынның 

отты жүрегінен ақтарылған жа-

лынды жырлары бұған дейін рес-

ми басылымдарда жарық көре 

қоймаған еді, Сол 1934 жылдан 

кейін де, ақын ел арасында, ауыл 

мен қала клубтарының сахнала-

рында халықпен кездесулер 

өткізіл, жауһар жырларын төккен-

мен, оларды жазып алып, баспа 

бетіне жеткізумен ешкім айналы-

сқан емес. Ауыз әдебиетінің ал-

даспан өкілдерінің әдетімен 

қанатты шабыттан туындаған жыр 

маржандары тыңдарман қауым-

ның құлағында кетіп жатты. 

1936 жылы сәуір айында Ал-

матыда өткен халық өнерпазда-

рының екінші слетіне Тайжан 

Қалмағанбетов енді құрметті де-

легат ретінде қатысты. Бұл -

жылдың ең басты оқиғасы 

қазақ әдебиеті мен өнерінің 

Мәскеу қаласында өткен 

онкүндігі болатын. Қазақ елі та-

рихында сыртта өткізілген осы 

өнер байқауына қатысуға 

белгіленген 350 саңлақ талант-

тар легінің бел ортасында Тай-

жекең де жүрді. Оны айтсаңыз, 

Ұлытау мен Сарыарқадан түлеп 

ұшқан асқақ үнді ардагер ақын 

онкүндік басы - қазақ елі өнер 

шеберлерінің алғашқы сахналық 

көрініс-концертін бастап беру ба-

қытына ие болды. Сәкен, Ілияс, 

Бейімбет, Иса, Жамбыл бастаған 

топта тізелесе отырып, өз жырла-

рын одақ әдебиетшілерінің сыны-

ны ұсынды. Ол Күләш, Шара, 

Қалибек, Құрманбек, Қанатбек, Ма-

нарбек, Қали сында өнер майтал-

мандарының қатарында ән шырқа-

ды. Ол КСРО Жоғарғы Кеңесінің 

Құрмет Грамотасымен марапаттал-

ды. Белгілі қазақ саз-күйінің 

зерттеушісі А.В.Затаевичке бірнеше 

әнін жазып қалдырды. Оның әндері 

күйтабаққа жазылды. 

Әттең, кезінде халық арасына 

кең тараған сол күйтабақтың қазір 

бір даңасы да табылмай отыр. Тай-

жекең жазықсыз жабылған кезде 

жерге көмілген оның қолжазбалары-

нан да хабар-ошар жоқ. Жыр санар-

лары өткен Ақмешіт, Түркістан, 

Жетісу елдерін аралап, ел аузын-

дағы, жергілікті мұрағаттарда сақ-

талған жырларын да табу алдағы 

міндеттердің бірі болып тұр. 

Тайжан Қалмағанбетов туған 

Ұлытауда да, соңғы жүрген 

жерлері Байқоңыр мен Қарсақ-

байда да, қарашаңырақтан 

бөлініп, отау тіккен Жезқазғанда 

да ақын есіміне байланысты көше 

атынан басқа белгі жоқ. Осы ата-

лған жерлерге ескерткіш тақталар 

қадап, Ұлытау мен Жезқазғанда 

ескерткіштер орнатып, мұражай-

лар ашу - «Ақын Тайжан» қоғам-

дық қорының мақсаты мен 

қызметі болмақ. 

Қор өз қызметін осы мақсаттар, 

жүзеге асып, Тайжан Қалмағанбе-

товтың академиялық толық шы-

ғармалар жинағын шығарғанша 

жалғастырса дейміз. 

Ал, қазіргі ең бірінші міндет -

ақынның туғанына 125 жыл толуын 

лайықты атап өту. 



Деректер «Ақын Тайжан» 

қоғамдық қорынан алынды. 




©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал